Лицейде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт
Көктеммен бірге көркімен даламызға енетін Наурыз мерекесі №178 мамандандырылған лицейде де аталып өтті. Айтулы күнге «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелік іс-шараны лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы құттықтау сөзімен ашып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар тұсау кесер рәсімі өткізіліп, кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті. Ары қарай мерекелік іс-шара оқушылардың концерттік бағдарламалары мен ата-аналардың ән шашуына