Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды.
25
сентябрь
2023
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
     Алматы қаласы бойынша Оқушылар сарайында 30 команда арасында "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицейдің 10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз 1-орын иеленіп, жеңімпаз атанды.         Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы
«Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді.
22
сентябрь
2023
«Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді.
     «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Туған жерім – мақтанышым» тақырыбында лицейішілік айтыс өткізілді. Айтысқа 8-11 сынып оқушылары қатысып, тартысты өнер көрсетті.        Айтыс мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
"Эссе жазудың сырлары" атты жас мамандарға арналған аудандық әдістемелік семинар өтті.
21
сентябрь
2023
"Эссе жазудың сырлары" атты жас мамандарға арналған аудандық
Жас ұрпақты жан-жақты жетілдіру, өрісі, ақыл-парасаты биік, өз Отанын шексіз сүйіп, мақтан ететін азамат етіп тәрбиелеу  – қоғам алдында тұрған киелі борыш десек, мұндағы басты тұлға – мұғалім екені белгілі.  Осы орайда, 2023 жылғы 21 қыркүйекте «№204 ЖББМ» КММ-де «Эссе жазудың сырлары» атты жас мамандарға арналған аудандық әдістемелік семинар өткізіліп, лицейіміздің жас маманы Советбек А.Б.қатысты. Әдістемелік семинар мақсаты: эссе жазудың теориясы мен талаптарын талқылау, педагог мамандардың
Математика пәні бойынша олимпиадалық қосалқы құрамға қабылданатын оқушылар арасында  іріктеу өтті.
20
сентябрь
2023
Математика пәні бойынша олимпиадалық қосалқы құрамға қабылданатын
       Лицейімізде дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша олимпиадалық қосалқы құрамға қабылданатын оқушылар арасында  іріктеу өтті. Іріктеуге 7-8 сыныптардан 92 бала қатысып, өз бақтарын сынады. Қосалқы құрамға қабылданған оқушылардың нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Бақтарын сынаған оқушыларымызға сәттілік тілейміз.         Іріктеу турының бас ұйымдастырушысы: директордың бейіндік пәндері негізі бойынша орынбасары Ж.Р.
"Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса".
20
сентябрь
2023
"Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса".
       Лицейдің жылдық жоспарына сәйкес 10-сынып оқушылары "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: келесі жылы 11-сыныпқа қадам басатын оқушыларға алдын ала маңызды ақпараттарды беріп, олардың мамандық таңдауына ықпал ету. Сондай-ақ эссе жазу арқылы оқушылардың қандай мамандықтарға сұранысы жоғары екенін анықтау мақсатында негізге алды.                Кәсіби бағдар беру бойынша комиссия мүшелері: лицей директоры Қ.Х. Шадиев, бейіндік пәндер бойынша
Тілдер күніне орай №178 мамандандырылған лицейде 7-11 сынып оқушыларына "Ұлттық мұра мен қазақ тілін құрметтеу" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
19
сентябрь
2023
Тілдер күніне орай №178 мамандандырылған лицейде 7-11 сынып
     Тілдер күніне орай №178 мамандандырылған лицейде 7-11 сынып оқушыларына "Ұлттық мұра мен қазақ тілін құрметтеу" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
«Алаш жастары» дебат клубының ұйымдастыруымен  «Тіл тағдыры, ел тағдыры» тақырыбында пікірсайыс өтті.
19
сентябрь
2023
«Алаш жастары» дебат клубының ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры, ел
       Тілдер мерекесіне орай №178 мамандандырылған лицейдің «Алаш жастары» дебат клубының ұйымдастыруымен  «Тіл тағдыры, ел тағдыры» тақырыбында пікірсайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жүйелі айта алуға, халық алдында сөйлеуге баулу.
Тіл – ұлт мақтанышы.
18
сентябрь
2023
Тіл – ұлт мақтанышы.
       Тіл – ұлт мақтанышы. Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы. Тілдер мерекесіне орай №178 мамандандырылған лицей «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен поэзиялық челлендж жолдаймыз.  Жетекші: тәлімгер Советбек А.Б.
"Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр.
18
сентябрь
2023
"Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр.
     Лицейімізде кітапхана меңгерушісінің жұмысына қолдау көрсету және лицей оқушыларын кітап оқуға шақыру, олардың зейінін ашу мақсатында "Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр. Осы орайда лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы аталған эстафетаны өзі бастап, өз атынан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз, абыз ақсақалы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың "Өмір және еңбек шежіресі" кітабының 5 данасын, ақиық ақын Мұқағали
Ж. Жабаев атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасында  "Түрік университеттері көрмесі" өтті.
18
сентябрь
2023
Ж. Жабаев атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасында "Түрік
     2023 жылғы 16-қыркүйекте Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасында "Түрік университеттері көрмесі" аясында қаламыздың 11-сынып оқушылары үшін арнайы кәсіби бағдар беру бойынша іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері де қатысып, толықтай ақпараттармен танысты.  Алдағы уақытта Түрік университеттерінің Алматы қаласындағы ресми өкілі лицейімізге арнайы келіп, оқушыларымызға кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.