Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Э.Ж. Рапилова  мен А.А. Ауелбекованың  мақаласы жарық көрді
02
октябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Э.Ж. Рапилова мен А.А.
     №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалдімдері Э.Ж. Рапилова  мен А.А. Ауелбекованың  «Әдістемелік бірлестіктің жұмысын кешенді жоспарлау арқылы мұғалімдердің кәсіби құзреттілігін арттыру» тақырыбындағы мақаласы «Болашақтың құзыреттілігін дамыту: білім берудегі инновациялар» атты халықаралық тамыз педагогикалық конференциясының №IX жинағында жарық көрді.
"Экстремизм және терроризм бойынша іс-әрекеттеу" тақырыбында дәріс тыңдалды.
02
октябрь
2023
"Экстремизм және терроризм бойынша іс-әрекеттеу" тақырыбында дәріс
     Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу - мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті. Осыған орай 2023 жылғы 02 қазанда №178 мамандандырылған лицейдің ұжымына Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей ұжымына алғыс білдірді
28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей
2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шарада лицей оқушылары қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, баталарын алып қайтты. Сонымен қатар, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі де өз ризашылығын білдіріп, лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей әкімшілігіне алғыс хаттарын табыстады. 
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті.
28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар
     Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.       2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты - оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.
27
сентябрь
2023
Лицейіміздің биылғы түлектері "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау
    Лицейіміздің биылғы түлектері - 11-сынып оқушылары мамандық таңдау мақсатында "Майталман маман иесі бол, Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында эссе жазды.  Мақсаты: 11-сыныпқа қадам басқан оқушыларға алдын ала маңызды ақпараттарды беріп, олардың мамандық таңдауына ықпал ету. Сондай-ақ эссе оқушылардың қандай мамандықтарға сұранысы жоғары екенін анықтау мақсатында алынды.
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған форумға қатысты.
27
сентябрь
2023
Лицей оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Alpha Academy" білім беру
     Лицей оқушылары "Alpha Academy" білім беру орталығы ұйымдастырған оқушыларға кәсіби бағдар беру, әлемнің үздік университеттеріне қалай грантқа түсу, пәндік олимпиадаларда қалай жеңімпаз атану, т.б. бағытта Алматы қаласының оқушыларымен өткен форумға қатысты. Белсенді шәкірттеріміз академияның арнайы сыйлықтарымен марапатталып, маңызды ақпараттармен ой бөлісті.      Кең көлемде шараны өткізгені үшін ұйымдастыру алқасына өз алғысымызды білдіреміз!
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
27
сентябрь
2023
«Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді.
     2023 жылдың 27 қыркүйегінде көркем еңбек пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің, қазынасы бар!» атты сурет көрмесі өткізілді. Көрмеге 7-8 сынып оқушылары өз туындыларын ұсынып, ашықхаттар дайындады.
«Тұран» университетінің «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубымен бірлесе лицей оқушыларына көрс
26
сентябрь
2023
«Тұран» университетінің «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы
📚Лицей оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, өскелең ұрпақ арасында өзін-өзі білім қажеттілігін дамыту, шешендік өнерге үйрету мақсатында Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Дебат қозғалысы фракциясы бойынша 3 тілде дебат клубтары жұмыс жасауда. Соның ішінде, екіжақты келісімшарт негізінде «Тұран» университетінің студенттік лигасы «SIRIUS» интелектуалды дебат клубы лицейіміздің «Алаш жастары» дебат клубымен бірлесе лицей оқушыларына көрсетілім-ойын өткізді.
"Кітапханаға кітап сыйла” акциясы жалғасуда.
25
сентябрь
2023
"Кітапханаға кітап сыйла” акциясы жалғасуда.
     “Кітапханаға кітап сыйла” акциясына өз үлестерін қосу мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Аметова С.У. және Женсикбаева Н.Б. мақал-мәтелдер жинағы мен оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттығын арттыруда  өлеңдер жинағын сыйға тартты.      “Кітапханаға кітап сыйла” акциясының әлі де аяқталмағандығын еске салып, сіздерді де атсалысуға шақырамыз!
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған оқушылардың алғашқы жеңісі!
25
сентябрь
2023
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған
     ♟️ Қалалық шахмат турнирінде 14 жаска дейінгі жасөспірімдер арасында ағымдағы оқу жылында лицейге қабылданған 7 «Г» сынып оқушысы Нұрбақыт Ерсұлтан I орын, 4 разрядқа дейінгі оқушылар арасында 7 «Г» сынып оқушысы Қуаныш Мейірлан I орынды жеңіп алды. 🏆 Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!