Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау
15
май
2020
"Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау
        Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы "Спидкубинг" Рубик (3х3х3) текшелерін жинау қашықтық сайысын өткізді.      Бұл сайысты өткізудің мақсаты мен міндеттері: оқушылар арасында математикаға деген қызығушылықты дамыту, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, балалардың логикалық, сондай-ақ көрнекі-әрекеттік ойлауларын дамытуда дербестік пен шығармашылыққа тәрбиелеу.     Біздің
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
15
май
2020
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
    Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқу режіміне көшуі еліміздің білім саласында жаңа технологияларды игерудің, жаңаша бастамалар мен ізденістерді танудың кезеңімен бетпе-бет келді.   «Қашықтан оқу бағдарламасын өз уақытында игеріп, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуде мектеп ұстаздары осынау жауапкершілікті түсіне отырып, заманауи технологиялардың көмегімен тың материалдарды игерді деуге негіз бар. Осы тұста қашықтықтан оқытудың
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
15
май
2020
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы тренинг жүргізді. Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі қандай жағдай болса да, психологиялық тұрғыдан дайындауға өз мәдениетін жағымды жағыннан бейімдеу және «Мен» концепциясын қалыптастыру.
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні
15
май
2020
15 мамыр - халықаралық отбасы күні
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз
Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған вебинар
15
май
2020
Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған вебинар
     Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған "Короновирус инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған сарамандық ұсынымдар" тақырыбында өткен вебинарға №178 лицейдің педагог-психологтары қатысты.  
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауы
14
май
2020
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн
    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша №178 лицейдің 5 сынып оқушысы Бекен Әлішер үздік нәтиже көрсетіп Бас жүлдені жеңіп алды.    Жетекшісі Батырхан Әсел үздік шәкірт дайындағаны үшін арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
14
май
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
    Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған Биология пәні бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.     Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Бастерова Балқия Айдаркуловна      Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағаты
14
май
2020
"Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағаты
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің 8 "А" сынып оқушылары "Ұлы жеңістің 75 жылдығы" тәрбие сағатын ұсынамыз.
№178 лицейдің қашықтан оқу барысында  «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді
13
май
2020
№178 лицейдің қашықтан оқу барысында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі»
Тақырыбы «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» Мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады.
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
13
май
2020
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы
«Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында № 178 лицей педагог-психологтары «ZOOM» платформасы арқылы аудан педагог-психологтарымен өз тәжірибелерімен ой бөлісті.