Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Отбасы күні құтты болсын!
07
сентябрь
2020
Отбасы күні құтты болсын!
№178 лицей директоры барша лицей ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Отбасы күнімен құттықтап, алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тіледі!
Лицейіміздің былтырғы түлектері  жаңа оқу жылымен құттықтады
01
сентябрь
2020
Лицейіміздің былтырғы түлектері жаңа оқу жылымен құттықтады
Лицейіміздің былтырғы түлектері, 11"Ә" сыныбының оқушылары, лицей мұғалімдері мен оқушыларын жаңа 2020-2021 оқу жылымен құттықтап, баршаларына сәттілік тілей отырып, сондай-ақ 9"Е" сыныбының оқушыларына құттықтау эстафетасын жолдады. Өз кезегінде 9"Е" сыныбы да 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтау бейнежазбасын ұсынды. Қабыл алыңыздар!
АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫНАН құттықтау!!!
01
сентябрь
2020
АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫНАН құттықтау!!!
Бокстан Афины олимпиадасының чемпионы АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫ №178 лицейдің барша мұғалімдерін келіп жеткен "Білім күні" мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Қазіргі таңда спорт пен қызметте еліміздің жастары мен мектеп оқушыларына үлгі болып жүрген, білімді де, білекті, қазақтың қайсар ұлына лицейіміздің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Қазақтың қара көз балаларына үлгі болып жүре беріңіз, құрметті Бақтияр Ғарифоллаұлы!Құрметпен, лицей әкімшілігі. БАҚТИЯР АРТАЕВ: - Бокстан Афины
«Баланың бас ұстазы - ата-анасы» тақырыбында жиналыс өтті
01
сентябрь
2020
«Баланың бас ұстазы - ата-анасы» тақырыбында жиналыс өтті
2020 жылдың 01 қыркүйек күні 5 сынып жетекшілерімен бірлесіп лицей психологы Ж.Агажанова Zoom сессия залында «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» тақырыбында жиналыс өткізді. Ата-аналар жиналысының мақсаты: 2020-2021 оқу жылындағы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету. Ата-аналар жиналысында жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту, оқушының
Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы
01
сентябрь
2020
Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы
Еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форматында басталды. Бұл – эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. № 178 лицейде де 1 қыркүйек – Білім күні тәрбие сағаттар қашықтан оқу форматында өтті. Шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фараби ғұламаның 1150 жылдығына арналған «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбында 6,7,8 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның
ҚР Конституция күні құтты болсын!!!
30
август
2020
ҚР Конституция күні құтты болсын!!!
Биылғы жылы елімізде айтулы мерекелер көп, соның бірі және бірегейі бас заңымыз - Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр. Ата Заңымыздың 25 жылдығы құрметіне орай 8"Ж" сыныбының оқушысы Сансызбай Иманғали өлең оқып, жыр-шумақтарын арнады. Қабыл алыңыздар!
«Ата Заң – ардақ тұтар айбынымыз»
29
август
2020
«Ата Заң – ардақ тұтар айбынымыз»
2020 жылдың 29 тамыз күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің 9-сынып оқушыларына ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай жас маман Қамза Айнура Талғатқызының ұйымдастыруымен «Ата Заң – ардақ тұтар айбынымыз» атты онлайн-конференция өтті. Конференция қонағы Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және Құқық Институтының профессоры, заң ғылымдарының докторы Бижанова Айгул Рабханқызы оқушыларға Конституция мен Құқық негіздері жайлы жан-жақты, кеңінен түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында оқушылар
Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері
21
август
2020
Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері
Алатау ауданы мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің қатысуымен   "Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері" тақырыбындағы онлайн вебинар Алатау ауданы «№178 лицей» КММ ұйымдастыруымен өтті.         Іс-шарада Алатау ауданы   №178 лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеру  мен оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеруі  әрбір ұстаздан ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды талап ететіндігіне тоқтала
«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы
12
август
2020
«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы
    2020 жылғы 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы лицейде «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.   Шараға оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогтар мен ана-аналар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық қоғам және БАҚ өкілдері қатысады. Акция барысында мүдделі
Абай күні: "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай"
10
август
2020
Абай күні: "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай"
      Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай" тақырыбында Ұлы ақынның туған күніне орай онлайн кездесу өткізілді.  Кездесуге лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, керемет кездесудің куәгері болды.  Онлайн кездесудің құрметті қонағы ретінде  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және көптілді білім беру институтының құрметті ұстазы, академик, профессор, филология ғылымдарының докторы, халықаралық және республикалық ғылыми жинақтар мен "Абайтану"