Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді
20
май
2020
№178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн
    19.05.2020ж. сағ.17.00-де №178 лицейдің әкімшілігі 11 сынып түлектерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналыста 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау іс-шарасы 3-4 маусымда өтетіндігі және оны өткізу тұжырымдамасы таныстырылды. 🔉 Лицейді бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар: ✅ Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы - 20 минут; ✅ Түлектер рәсімге лицей формасында қатысады; ✅ Әрбір түлекпен 1 немесе
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
19
май
2020
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
     Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген "Көктем көркі - қызғалдақ" атты ашық онлайн-фестивалінде "Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауына №178 лицейдің оқушысы Даниярова Динара белсене қатысқаны үшін арнайы грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Жандыбаева Торқалы.
www.edulife.kz Республикалық онлайн әдістемелік сайты «Үздік мақала»
19
май
2020
www.edulife.kz Республикалық онлайн әдістемелік сайты «Үздік мақала»
 www.edulife.kz Республикалық онлайн әдістемелік сайты ұйымдастырған «Үздік мақала» атты онлайн конкурсына Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімімізді  жеңісімен құттықтаймыз!
«Кенгуру - математика барлығы үшін» ойын-сайысы
19
май
2020
«Кенгуру - математика барлығы үшін» ойын-сайысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге олардың қызығушылықтарын арттырып, дарынды балаларды айқындау мақсатында, 2020 жылғы 2-3 мамырда 3-11 сынып оқушыларының арасында «Кенгуру - математика барлығы үшін» математикалық сайысы (қашықтық режимде) атты Халықаралық математикалық ойынын өткізді. Өткен олимпиадаға №178 лицейдің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымызды  жеңістерімен құттықтаймыз!
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған онлайн олимпиада
19
май
2020
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған онлайн олимпиада
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған математика пәнінен І қалалық онлайн олимпиададан №178 лицейдің оқушылары жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Ахметқызы Төлеген. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
18
май
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
   Жастардың бойына адалдықты, парасаттылықтың сіңіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен барлық оқу орындарында "Адалдық сағаты" өткізілді.      ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында:  "Абайды білу - өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы, жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс"-деп атап көрсетті.     18 мамыр 2020 жылы Абайдың 175
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы
18
май
2020
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы екі турда өткізілді: 1 тур – 23 сәуірде; 2 тур – 29 сәуірде. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға ынталандыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.      Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарда қазақ және орыс тілдерінде білім алатын оқушылар қатысты.
Жанашырлыққа – жан риза
16
май
2020
Жанашырлыққа – жан риза
    «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға қамқоршы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы болып табылады. Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту және қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы жақсылыққа қадам бастайды.     Алматы қаласы ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ұсынған әлеуметтік көмегі мегаполисіміздегі көп отбасыларға демеу болды. №178 лицей әкімшілігі Экономикалық тергеу департаментінің көмегін
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.
16
май
2020
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
    №178 лицейде 16.05.2020ж. сағат 15.00-де «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде: 1) 2019-2020 оқу жылының қорытындысын талдау. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы. 2) 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З. 3) Әртүрлі мәселелер.     Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
16
май
2020
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
   Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасына №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері қатысып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.       Мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!