Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30 тамыз- Конституция күні қарсаңында 8-10 сынып оқушылары "Ата заңым ардақтым" тақырыбында эссе жазды.
30
июль
2021
30 тамыз- Конституция күні қарсаңында 8-10 сынып оқушылары "Ата заңым
№178 мамандандырылған лицейде 30 тамыз- Конституция күні қарсаңында 8-10 сынып оқушылары "Ата заңым ардақтым" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: Ата заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты жазғы мәнерлеп  оқу челленджі.
21
июль
2021
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты жазғы мәнерлеп оқу челленджі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 178 мамандандырылған лицейде оқушылардың жаздық демалысын тиімді пайдалану мақсатында "Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты жазғы мәнерлеп оқу челленджін 5-10 сынып оқушылары аса зор ынтамен орындауда!
«Мейірімділіктің сиқырлы күші» жазғы онлайн оқу шарасы ұйымдастырылды.
10
июль
2021
«Мейірімділіктің сиқырлы күші» жазғы онлайн оқу шарасы ұйымдастырылды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай N178 мамандандырылған лицейде жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Мейірімділіктің сиқырлы күші» жазғы онлайн оқу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында лицей оқушылары қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқу арқылы рухани азық ала отырып, өздерінің таным көкжиектерін кеңейте түсті.
Ұлттық домбыра күні құтты болсын !
04
июль
2021
Ұлттық домбыра күні құтты болсын !
Ұлттық домбыра күніне орай №178 мамандандырылған лицейдің 7 "Б" сынып оқушысы Батыр Сымбат "Балбырауын" күйін орындады.
"Әсем қала-Нұрсұлтан" тақырыбында фото байқау  өткізілді
30
июнь
2021
"Әсем қала-Нұрсұлтан" тақырыбында фото байқау өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 5-8 сынып оқушылары арасында "Әсем қала-Нұрсұлтан" тақырыбында фото байқау өткізілді. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
«Бала денсаулығы баршаға ортақ» тақырыбында  5-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы онлайн режимде өткізілді
22
июнь
2021
«Бала денсаулығы баршаға ортақ» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының
2021 жылдың 22 маусым күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Бала денсаулығы баршаға ортақ» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы онлайн режимде өткізілді. Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Аббатовна бастады. Жиналыста төмендегі мәселелер қаралды: 1. 2021-2022 оқу жылының ерекшелігі. 2. Лицейдің ішкі тәртібі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы. 3. «Вакцина туралы не білу керек?»
«Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сыныптардың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған іс-шара өтті
14
июнь
2021
«Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сыныптардың түлектеріне аттестатты
  2021 жылдың 14 маусым күні №178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сыныптардың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында түлектердің, педагогтер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, шектеу іс-шаралары кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аттестатты салтанатты тапсыру лицей аумағында ашық алаңда қатысушылардың
"Шахмат – ақыл-ой спорт түрі" тақырыбында жарыс өткізілді
11
июнь
2021
"Шахмат – ақыл-ой спорт түрі" тақырыбында жарыс өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 5-8 сынып оқушылары арасында "Шахмат – ақыл-ой спорт түрі" тақырыбында жарыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.
11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттаудың соңғы күні сәтті аяқталды
10
июнь
2021
11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттаудың соңғы күні сәтті
Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан №178 мамандандырылған лицейде 10.06.2021ж. 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттаудың соңғы күні сәтті аяқталды. Емтиханда санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, штаттық режимде орыс тілі пәнінен жазбаша жұмыс алынды.
"Тау тұлғалы – Сырымбек Тауұлы" тақырыбында мамандандырылған лицейдің оқушыларының қатысуымен  шығармашылық кездесу өткізілді
10
июнь
2021
"Тау тұлғалы – Сырымбек Тауұлы" тақырыбында мамандандырылған лицейдің
Алатау ауданына қарасты "Alatau Creative Hub" мәдени орталығының қолдауымен, #178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен, лицей оқушыларының жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, барлық санитарлық талапқа сай елімізге танымал кәсіпкер, әлемнің 55 мемлекетін аралап, 20 жылға жуық бизнес саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген белгілі бизнес саласының майталманы, Жапониядағы "Yokohama Tires" компаниясының қазақстандағы елшісі, "Dacо Motors" компаниясының президенті, ұлт жанашыры