«Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка»
№178 мамандандырылған лицейдің жас мамандарына білікті ұстаздармен қатар тәжірибелі және мақсатты көмек көрсетуде Алматы қаласындағы "Педагогикалық шеберлік орталығының" жүйелі өткізіп отырған оқу семинарының орны ерекше. Осы орайда «Жас педагог» клуб кеңесінің төрағасы, аға менеджері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.К. Алимов өткізген «Мен сіздермен біргемін», «Жағымсыз эмоциялар бояуы», «Мозайка» деген бірнеше тренингтер өз нәтижесін беруде.