Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
11
ноябрь
2021
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді.
№178 мамандандырылған лицеймен №29 қалалық емханасының «Жастар денсаулық орталығының» психологтары бірлесіп 9-11 сыныптар арасында мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар өткізілді. №29 қалалық емханасының "Жастар денсаулық орталығының" психологтары Беспаева Айнаш Нұрзадақызы "Алғыс айту парызым" жаттығуын жүргізді. Семинарда жүргізілген тренинг бойынша оқушылар кері байланыс жасап, өз пікірлерін білдірді.  
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында, «Көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында, «Тұғыры биік көк Туым» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
10
ноябрь
2021
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар
№178 мамандандырылған лицейде «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында, «Көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында, «Тұғыры биік көк Туым» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру, жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу
Лицей оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып қайтты.
08
ноябрь
2021
Лицей оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік
Мамандандырылған лицейдің 10 "Ғ" сыныбының оқушылары "Игілікті іс" жобасы негізінде "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып, қазыналы қарттарымызға азық-түлік апарып, құрмет көрсетті. Жүрегі мейірімге толы саналы да, білімді, қамқор жастарымыз көп болсын. Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсеткен лицейіміздің оқушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында сайыс өткізілді.
06
ноябрь
2021
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында сайыс өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-6 сынып оқушыларына «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету,адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу.
"Адал ұстаз" конкурсы өткізілді.
05
ноябрь
2021
"Адал ұстаз" конкурсы өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, №178 мамандандырылған лицейде "Адал ұстаз" конкурсы өткізілді. Конкурсқа қатысушы ұстаздар саяси-құқықтық білімімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын ойларымен, тәжірибе жұмыстарымен бөлісті. Конкурс нәтижесінде өзінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын сабақтастыра білген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшовна 1-орын
5-11 сынып оқушыларына "Тинкеркад платформасында радиоэлектронды бөлшектермен танысу" такырыбында шеберлік сабақ өткізілді.
04
ноябрь
2021
5-11 сынып оқушыларына "Тинкеркад платформасында радиоэлектронды
Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Осы орайда, №178 мамандандырылған лицейдің робототехника пәні мұғалімдері Рахатов Дастан мен Ахметов Бегалы 5-11 сынып оқушыларына "Тинкеркад платформасында радиоэлектронды бөлшектермен танысу" такырыбында шеберлік сабақ өткізді.
Лицей психологтары зейін тұрақталығы мен қабылдауына және есте сақтауларын дамыту барысында психологиялық тренинг жүргізді.
03
ноябрь
2021
Лицей психологтары зейін тұрақталығы мен қабылдауына және есте
№178 мамандандырылған лицейде оқушылардың күздік демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Агжанова Ж.А мен Жамалова Г.Ж зейін тұрақталығы мен қабылдауына және есте сақтауларын дамыту барысында психологиялық тренинг жүргізді. Жүргізілген тренинг бойынша оқушылар кері байланыс жасап,өз пікірлерін білдірді.
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының нәтижелі құралы» тақырыбында  педагогикалық кеңес өткізілді.
03
ноябрь
2021
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының нәтижелі құралы» тақырыбында №178 мамандандырылған лицейде педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Мектеп-зертхана" сапалы ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру проблемалары негізінде педагогтерден алынған сауалнамаларының нәтижелері талданды. Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Т.Сағиолданов, С.Өкпебаева «Математика сабағындағы оқушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың зияткерлік деңгейін арттыру" тақырыбында  әдістемелік кеңес өткізілді.
02
ноябрь
2021
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың зияткерлік деңгейін арттыру" тақырыбында №178 мамандандырылған лицейде әдістемелік кеңес өткізілді. Дарынды және талантты оқушылармен жүргізілетін жеке және топтық жұмыстардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқушыларының жетістіктері айқындалды. Кеңес барысында «Математика пәнін электронды жүйелеу және жалпылау" тақырыбында математика пәнінің мұғалімдері пед.зерттеуші Ж.Ахметова, бірінші санатты Б.Байткенова тәжірибе алмасты. І
«Алтын күз» тақырыбында  эссе байқауы өткізілді.
02
ноябрь
2021
«Алтын күз» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-9 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты – Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.