Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ТӘУЕЛСІЗДІК -  ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
15
декабрь
2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ЕРКІНДІГІ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында мұғалімдер лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.
«Тәуелсіздігім  - мақтанышым»   тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
14
декабрь
2021
«Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіне білуге, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүйе білуге баулу.
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды.
13
декабрь
2021
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр
Лицейіміздің қос бірдей оқушысы Бекен Әлішер мен Ермекұлы Дияр бокстан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирге қатысып, І орын жеңіп алды. Былтыр лицейімізге арнайы келген Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың батасын алып, алдарына үлкен мақсат қойып, спортты серік еткен қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды.
13
декабрь
2021
Лицей оқушылары "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік
2021 жылдың 12 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" мен 6 "В" сынып оқушылары / сынып жетекшілері: Оразалиева Т. , Ногайбаева Ж.Е./ "Музей күні" жобасы аясында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасап барды. Музейдегі тарихи эскпонаттармен, қазақ халқының өмірімен, салт-дәстүрлерімен, өз ұлтымызға тән ерекшеліктерімен танысып, көп мағлұматтар алды. Саяхат оқушыларға қызықты, танымды, әсерлі болды.
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
13
декабрь
2021
«ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 11 желтоқсан күні «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің кепілі» тақырыбында қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасы онкүндігі өз мәресіне жетті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Доскожаева Н., орыс тілі пәні мұғалімі Шегалиева Л., тарих пәні мұғалімі Тұрлығожаев А. ұйымдастыруларымен «ХХl ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға жоғары сыныптың 9 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға 9 сыныптардың 3 оқушысы иеленді.
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
13
декабрь
2021
“Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті лицей ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, 9-ыншы сынып оқушыларымен “Адал Ұрпақ - сенімді болашақ кепілі” атты пікірталас өтті. Осы бағдарлама аясында лицей жанынан ашылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасауда.
«Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өтті.
11
декабрь
2021
«Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өтті.
     №178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған лицейдің оқу жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі Сансызбаева Н. 5 "А" сыныбында «Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақта АКТ, бейнематериалдар қолданылды, топтық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттері дамытылды. Оқушылар өте белсенді болды, сабақ мақсатына жетті.
"Құқықтық сауаттылық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
11
декабрь
2021
"Құқықтық сауаттылық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен аға учаскелік инспекторы полиция майоры Ауесбаев Ербол Ауесбайұлының қатысуымен полицияның жас көмекшілеріне "Құқықтық сауаттылық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке
«Наш любимый русский язык» тақырыбында сыныптан тыс іс -шараны сайыс түрінде өткізілді.
11
декабрь
2021
«Наш любимый русский язык» тақырыбында сыныптан тыс іс -шараны сайыс
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының онкүндігінің аясында №178 мамандандырылған лицейде 2021 жылдың 10 желтоқсанда орыс тілі пәні мұғалімдері Сафиева Г. мен Танцарова А. 11"А" сыныбында «Наш любимый русский язык» тақырыбында сыныптан тыс іс -шараны сайыс түрінде өткізді. Сайыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын және белсенділіктерін арттырды. Сыныптан тыс іс -шара қызықты, мазмұнды өткізілді.
"Families"тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
11
декабрь
2021
"Families"тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының онкүндігінің аясында №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбагамбетова Салтанат 5"А" сынып оқушыларымен "Families"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар отбасы мүшелеріне байланысты интерактивті, коммуникативті, ойын түріндегі тапсырмаларды орындады, мәтінмен тиімді жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді. Сабақ отбасы мен бала арасындағы ынтымақтастықтың құндылығын арттыра түсуімен ерекшеленді.