Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ағаш отырғызу» акциясы өз жалғасын тапты
26
октябрь
2019
«Ағаш отырғызу» акциясы өз жалғасын тапты
     Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндет. Бүгін №178 лицейде табиғатты қорғау мақсатында «Ағаш отырғызу» акциясы өтті. Дәстүрлі шараға лицейіміздің барлық оқушылары ат салысып, өздерінің үлестерін қосты.      Сонымен қатар, сенбілік барысында көркейту-көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары да жүргізілді.
«Бурабай кубогы» жарысының жүлдегерлеріне лицей директоры құрмет көрсетті
26
октябрь
2019
«Бурабай кубогы» жарысының жүлдегерлеріне лицей директоры құрмет
   №178 лицейінің директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы Көкшетау қаласында оқушылар арасында өткен «Бурабай кубогы» жарысынан жүлделі ІІ орын жеңіп алған лицей оқушыларына құрмет көрсетіп, Алматы қаласының намысын қорғаған аяқ доп шеберлерін жеңістерімен құттықтады.      Алдағы уақытта өтетін жарыстарына сәттілік тілеп, оқушыларға өзінің ризашылығын білдірді.
Күзгі демалыс уақытының қауіпсіздік ережелері
26
октябрь
2019
Күзгі демалыс уақытының қауіпсіздік ережелері
     2019 жылы 26 қазан күні №178 лицейде 5-11 сыныптарда  күзгі демалыс уақытының қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өтті.      Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық талаптарын дамыту, азаматтық айқындаманы қалыптастыру, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын
Алматы қаласы бойынша "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының қорытындысы
26
октябрь
2019
Алматы қаласы бойынша "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының
   Алматы қаласы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қазанында өткен "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының қорытындысы шықты. Нәтижесінде лицейіміздің оқушылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды. http://zerdeli.kz/
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте
26
октябрь
2019
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте
№178 лицейде «Жас Ұлан» ұйымының «Жеті Жарғы» бағыты бойынша «Үш тілді білім беру қажеттілігі» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыста командалар үш топқа бөлінді:     1) Қазақ тілінің жанашырлары; 2) Орыс тілінің жанашырлары; 3) Ағылшын тілінің жанашырлары.  Өзара пікір білдіру барысында 3 топта өздерінің көкейтесті сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Қорыта келгенде командалар өзара ортақ шешімге келіп, үш тілділік бағытты қолдады. Алайда пікірсайыс соңында,     «Өзге тілдің бәрін
«ҰБТ – бір күндік өмір емес»
26
октябрь
2019
«ҰБТ – бір күндік өмір емес»
   №178 лицейінде «ҰБТ – бір күндік өмір емес» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағыты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарын лицей психологы Жанна Ағажанова мен тәлімгер Әбілқайыр Тілеужан өткізді. Әңгімелесу барысында лицей оқушыларына алда келе жатқан ҰБТ барысында өрескел қателіктерге бой алдырмауға, психологиялық тұрғыда әлсіздік танытпай, олардың алдын-алу шаралары бойынша тренингтер өткізілді.     Лицейіміздің 2019-2020 жылғы түлектеріне алда
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай тәрбие сағаты
25
октябрь
2019
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай тәрбие
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 25 қазан күні сағат 12:00-де №178 лицейде «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Тәрбие сағатында Бала құқықтары туралы конвенцияның БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануының 30 жылдығы, Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырғаны туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.       Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі
"Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария"
24
октябрь
2019
"Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария"
    № 178 лицейде «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»  тақырыбында қарттар күніне орай Алатау ауданының мерекелік кеші өткізілді.     Қазыналы қарттарымыздың мерекелік кешіне Серікбол Сайлаубек, Алма Аманжолова, Нұрлан Албан есімді эстрада және дәстүрлі әншілер арнайы келіп, өз өнерлерін көрсетіп, лицейіміздің оқушыларымен бірге әннен шашу шашып, қарттарымызға құрмет көрсетті. Кештің ашылу салтанатында сөз сөйлеген лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қарияларымызға амандық тілеп, әрқашан
Лицей оқушылары – І орын иегері атанды
24
октябрь
2019
Лицей оқушылары – І орын иегері атанды
    Алатау ауданына қарасты № 201 мектеп-гимназиясы  «Денсаулық әлеміне саяхат»  тақырыбында оқушылар арасында аудан аралық ойын эстафетасын өткізді. Аталған жарысқа № 178 лицейдің  оқушылары  «Ел жастары»  командасы атынан шығып, аудан арасында  І орын иегері атанды.     Жарыста Томирис Мырзабек, Нұржан Тұрсынов, Ақнұр Қыдырбек, Әлихан Серікұлы есімді оқушыларымыз қатысып, лицей оқушыларының мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ жарыс көркінің сәнін келтіретін қатысушылардан бөлек,
Лицей педагогтарын жаңа форматтағы аттестаттаудан өткізу ережелерімен таныстырды
23
октябрь
2019
Лицей педагогтарын жаңа форматтағы аттестаттаудан өткізу ережелерімен
    Алатау ауданына қарасты №178 лицейі өзінің білікті мамандарын әрқашан үлгі тұтады. Кәсіби шеберлігімен сабақтасқан ұстаздарымыз өз біліктілігін сынау үшін қазіргі таңда дайындық үстінде өз білімдерін толықтыруда.      Осы орайда, мұғалімдерге «Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жаңа формасы» ретінде таныстырылды. Лицей директоры К.Шадиев өз тарапынан