Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
01
октябрь
2020
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
Алматы қаласы күні қарсаңында #ILOVEALMATY хэштегімен өткізілген Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауының III орын жүлдегері Закиров Абылайдың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауы
01
октябрь
2020
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауы
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауына информатика пəнінің мұғалімі Тоқтасын Ақтолқынның жетекшілігімен "Медиа жобалар" номинациясы бойынша l орын алған Ермекұлы Ғазиздың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.  
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
01
октябрь
2020
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
«Бабаларым, рахмет сендерге!» -деп Мұқағали атамыздың жырларына арқау болған дария қарияларымыздың мерекесі - 1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Атаулы мерекеге орай, №178 лицей, 8 «Ғ» сыныбының ұйымдастыруымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына 80 жастағы, 15 баланы дүниеге әкелген Кенжебаева Шырынкүл әжеміз, 70 жастағы 8 баланың анасы Тастанова Күлғайша апамыз қонаққа келді. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, баталарын берді. «Қариясы бар ел -
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
30
сентябрь
2020
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, қазақ айтыс өнерінің жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, тілші, журналист, аудармашы Есей Жеңісұлы, актер, әнші, сазгер Нұрлан Әлімжан, "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахат, әнші Серікбол Сайлаубек лицей ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, сәттілік тілейді. Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар қауымы!
"Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық қайдан шығады?" тақырыбында ұлдар жиналысы
30
сентябрь
2020
"Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық
Лицейімізде "Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық қайдан шығады?" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жетекшілері: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік, тәлімгер Әбілқайыр Тілеужан мен АӘД пәнінің мұғалімі Құрмансейтов Бауыржан. "Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бас иген құл болмайды" Б.Момышұлы.
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
29
сентябрь
2020
"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өтті
Ұстаздар мерекесі күніне орай лицейімізде 5-11 сыныптар арасында "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ұстазын ұлықтағандар ұлттың ұлы мен қызына айналары хақ. Себебі, ғалым да, кенші де бас иетін бұл мерекенің орны бөлек. Барша ұстаздар қауымының мерейлері өсіп, мәртебелері арта берсін!
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
24
сентябрь
2020
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шаралар
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесі күніне орай лицейімізде жүргізіліп жатқан іс-шараларға оқушыларымыз белсенді түрде атсалысуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл Бақытқызының жетекшілігімен 7 "Ғ" сынып оқушысы Тулеген Аяулым "Үйрен ана тіліңді" атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Сәуле Аметованың жетекшілігімен 8 "И" сыныбының оқушысы Санатбек Қарақат "Ана тілім" өлеңін оқыды. 
"Жыл мұғалімі" байқауы
23
сентябрь
2020
"Жыл мұғалімі" байқауы
Лицейіміздің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы "Жыл мұғалімі" байқауына қатысып, өз шеберлігін шыңдап, бағын сынауда. Осы тұста талантты да, білікті мұғалімімізге әр елден қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде. Лицей әкімшілігі мен мұғалімдері тарапынан біз де Талант Бақытұлына сәттілік пен жеңіс тілейміз!
"Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама"
22
сентябрь
2020
"Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама"
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы  халықтарының  тілдері күні мерекесіне орай "Үш тілді білу - жаhандық өмірге жолдама" тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.