Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адалдық сағаты" акциясы
04
ноябрь
2020
"Адалдық сағаты" акциясы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен бейнетүсірілім әзірленген. Аталған бейнеролик қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны, әлеуметтік желілер арқылы оқушыларға парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ әдебиеті пәнінен халықаралық пәндік олимпиада
04
ноябрь
2020
Қазақ әдебиеті пәнінен халықаралық пәндік олимпиада
Халықаралық қазақ әдебиеті пәнінен 5 сыныптар арасында өткен пәндік олимпиададан лицейіміздің оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы  І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.  
"Ата жолы, әке үлгісі ұрпақтың өнегесінде" тақырыбында тренинг өткізілді
04
ноябрь
2020
"Ата жолы, әке үлгісі ұрпақтың өнегесінде" тақырыбында тренинг
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасатындығын "Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі" деген мәтелге сүйене отырып «Ата жолы, әке үлгісі ұрпақтың өнегесінде» тақырыбында  7 "Б" және 7 "Ж" сыныптарына тәрбиелік мәні бар тренингті №178 лицейдің педагог-психологы Асилова Шолпан Сәрсенқызы өткізді.
"Отбасым - бақыт мекенім" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
03
ноябрь
2020
"Отбасым - бақыт мекенім" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
2020 жылдың 03 қараша күні №178 лицейде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 5-11 сыныптарда "Отбасым – бақыт мекенім" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
"Вирустық гепатит және одан сақтану жолдары"
03
ноябрь
2020
"Вирустық гепатит және одан сақтану жолдары"
2020 жылдың 03 қараша күні №178 лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен лицей медбикесі Ә.Әлайдарова 7-8 сынып оқушыларымен "Вирустық гепатит және одан сақтану жолдары" бойынша түсіндірме жұмыс жүргізді. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу; Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру; Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, сонымен қатар, тазалық, жеке бас гигиенасы, дұрыс
"Адал және сатылмайтын еңбек" атты сурет байқауы
03
ноябрь
2020
"Адал және сатылмайтын еңбек" атты сурет байқауы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ" еріктілер лицей клубының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өткен "Адал және сатылмайтын еңбек" атты сурет байқауына қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларымызға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Өнерлерің өрге жүзе берсін. Шығармашылық табыс тілейміз!
Үйірме жұмыстары: Шахматтан іріктеу турнирі
02
ноябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан іріктеу турнирі
Алматы қаласы Фаворит шахмат академиясында өткен «Kinder Chess League» шахматтан іріктеу турнирі бойынша жарысқа қатысқан лицейіміздің 6 "Е" сынып оқушысы Ушкемпиров Қажыкен мен 7 "Ә" сынып оқушысы Мұрат Мәди жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі: Амонбоев Сино Насибджонович
ІІІ республикалық Торайғыров оқулары
02
ноябрь
2020
ІІІ республикалық Торайғыров оқулары
     Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ІІІ республикалық Торайғыров оқуларына "Шығамын тірі болсам адам болып" тақырыбындағы өлеңді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша №178 лицейдің 5 “Ғ” сынып оқушысы Рашит Досымжан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
География пәнінен өткен халықаралық олимпиада
02
ноябрь
2020
География пәнінен өткен халықаралық олимпиада
     География пәнінен өткен халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен №178 лицейдің 11 "Г" сынып оқушысы Сулейманкул Нурислам І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ағажанова Инеш Куандыковна
Республикалық қашықтықтан өткізілетін интернет байқау
02
ноябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілетін интернет байқау
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  "Daraboz Education" желілік ғылыми журналы Республикалық қашықтықтан өткізілетін интернет байқау өткізді. Байқаудың мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, ғылыми (зерттеу), шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттыру, ғылыми білімдер мен білім саласында жоғары жетістіктерге жетуді насихаттау. №178 лицейдің 9 «Ж» сынып оқушысы Ахметжан Нурбике, 10 «Г» оқушысы Оразиманов Асан,  10 «А» сынып оқушысы