Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме
26
ноябрь
2020
"Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме
№178 лицей кітапханашылары 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында "Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме ұйымдастырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көптеген маңызды саяси және экономикалық бастамалардың авторы. Ұйымдастырылған көрмеге Елбасымыздың елімізді басқарудағы жетістіктері мен еңбектері қойылып, оқырманға насихатталды.  
"Талантты оқушылар" айдары
26
ноябрь
2020
"Талантты оқушылар" айдары
Лицейіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып тұратын "Талантты оқушылар" айдарында "Ел жастары" ұйымының мүшесі, 8 "А" сыныбының оқушысы Ислам Әлібай. Назарларыңызға Ислам оқушымыздың жетістіктерін ұсынамыз. "Көңілді Жаңа Жыл" фильмінің эпизодтық кадрына түскен,  Балапан және  Хабар арнасында "Кеңесші" киносына түсіп, "Ел үміті" медалімен марапатталды. Алматы  телеарнасында "Алтын сақа бағдарламасын жүргізіп, Балапан телеарнасында  "Алғыр алтау" бағдарламасына қатысса, Алматы арнасында
Жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пәндік олимпиада
26
ноябрь
2020
Жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пәндік олимпиада
2020 жылдың 26 қараша күні №178 лицейде жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Қабілетті, дарынды балаларды анықтай отыра, олардың білім деңгейлерінің дамуына қамқорлық жасау, алған теориялық білімін, оны тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау, мұғалімдердің жауапкершіліктерін арттырып, дарынды балалармен жұмыс істеуіне әрекет ету, аудандық пән олимпиадасына оқушыларды іріктеу. Оқушыларға келесі кезеңдерден сүрінбей өтулерін тілейміз!
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында жас суретшілер байқауы
25
ноябрь
2020
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде оқушылар арасында "Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылардың жетекшілері, лицейіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері: М. Кошаметова, Т. Улдаканова, С. Канаева, Ж. Агажанова.
"Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталық
24
ноябрь
2020
"Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталық
№178 лицейде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай "Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталықтың іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес, 24 қараша күні 7 «Ж»  сыныбында «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»  тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 9 «Д» сыныбында «Ел сенімін ақтаған - Елбасы!» тақырыбында зияткерлік сайыс, 10 «Д» сыныбында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында білімгерлер сайысы өтті. Іс-шаралар оқушылардың назарын Ұлт көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға,
"Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме
23
ноябрь
2020
"Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме
№178 лицейде 5-9 сыныптар арасында "Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Табиғат байлығы - адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
"Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян келтіреді немесе өмірдің ағымынан қалдырмайды" тақырыбында  пікір алмасу
23
ноябрь
2020
"Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян
№178 лицейдің информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  8 сыныптар арасында "Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян келтіреді немесе өмірдің ағымынан қалдырмайды" тақырыбында  пікір алмасу өткізді. Пікір алмасудың мақсаты: компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы түсіндіру. Қазіргі таңдағы сәнді гаджеттердің ерекшілектерін айту. 
"Кітап  -  білім бұлағы"
22
ноябрь
2020
"Кітап - білім бұлағы"
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен онлайн режимде "Кітап  -  білім бұлағы" тақырыбында іс-шара өткізілді.
"Образование через всю жизнь" халықаралық ғылыми жоба
22
ноябрь
2020
"Образование через всю жизнь" халықаралық ғылыми жоба
№178 лицейдің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ногайбаева Жанат Ескермесовна  "Образование через всю жизнь" халықаралық ғылыми жобаға қатысты. Бұл жобаға Ресей және Қазақстан мемлекеттерінің 400-ге жуық орыс тілі мамандары қатысып, Ресей Мемлекеттік Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы  Т.Т.Чалышкина  "Наука и практика непрерывной русистики" тақырыбында лекция оқыды. Орыс тілі мамандарына  "Эссе жазу талаптары",  "Дайжест технологиясы" шебер сыныптары көрсетілді.
"Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында пікір алмасу
21
ноябрь
2020
"Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында пікір алмасу
2020 жылдың 20 қараша күні №178 лицейдің тарих пәні мұғалімі Ұ.Ибрагимова 7 сынып оқушыларымен "Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында онлайн форматта пікір алмасу өткізді. Мақсаты: бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.