Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы ақылы ҰБТ
14
декабрь
2020
Қысқы ақылы ҰБТ
ҰБТ 2019  жылдан бастап жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі. Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерлерге ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне ғана түсу құқығы беріледі. Тест ақылы негізде болады. 3 тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бірақ ол грант алуға жарамайды. Егер, талапкер мемлекеттік грант иегері атанғысы келсе, міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырады. Осының нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған жағдайда ғана бюджет есебінен білім
"Өрт қауіпсіздігін сақтайық!" тақырыбында жиналыс өтті
14
декабрь
2020
"Өрт қауіпсіздігін сақтайық!" тақырыбында жиналыс өтті
Өрттің алдын алу, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын оқыту және тиімділігін арттыру мақсатында №178 лицейде "Өрт қауіпсіздігін сақтайық!" тақырыбында лицей ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
"Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды
13
декабрь
2020
"Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды
№178 лицей оқушылары "Признание любви родному Казахстану" тақырыбында үш тілде эссе жазды. Эссе жазудағы мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының арқасында жеткен жетістіктерін мадақтау, ел мен жерді сүюді, Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыру.
"Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку байкауы
13
декабрь
2020
"Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку
Оқушылардың туған  еліне,  Отанына  деген  сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №178 лицейде "Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку байкауы өтті. Байқау нәтижесінде І орынды 7 "А" сынып оқушысы Берікқызы Нұрғазиза мен 5 «А» сынып оқушысы Абылай Бейбарыс, ІІ орынды 6 «В» сынып оқушысы Қуандық Ғазиза, ІІІ орынды 7 «А» сынып оқушысы Әбдікерім Балжан, 6 «Е» сынып оқушысы Ақүрпек Назерке иеленді. [media=https://youtu.be/EcqN6Th1VNo] [media=https://youtu.be/lveXHJS9YQI]
"Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы
12
декабрь
2020
"Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай №178 лицейде "Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен –
"Талантты оқушылар" айдары
12
декабрь
2020
"Талантты оқушылар" айдары
Лицейіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып тұратын "Талантты оқушылар" айдарында Бекен Айым.   Оқушымыздың жетістіктері:  Халықаралық "Ғұмырдария" байқауында І және ІІІ дәрежелі диплом иегері Халықаралық "Ақ көгершін" байқауының І дәрежелі диплом Республикалық "Біз бақытты  баламыз" байқауынан І дәрежелі диплом Республикалық "Тәуелсіздік тұғырым" байқауының Бас жүлде иегері Халықаралық "Танцующий барс" байқауының Бас жүлде иегері Халықаралық "Бейбітшілік әлемі" байқауының Бас жүлде иегері
Онлайн олимпиадалар
12
декабрь
2020
Онлайн олимпиадалар
№178 лицей оқушылары онлайн олимпиада жеңімпаздары атанды.  
«Алтын сақа» олимпиадасы
12
декабрь
2020
«Алтын сақа» олимпиадасы
Алматы қаласы «Зерделі ақыл – ой дамыту орталығы» және № 178 лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 1  желтоқсанында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының білімге деген көзқарастарын қалыптастыру, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Олимпиада қорытындысы бойынша, 6 сыныптан - 11 оқушы, 5 сыныптан - 24 оқушы жүлделі
"Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы
12
декабрь
2020
"Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздіктің шежіресі" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауына 10 сынып оқушылары онлайн форматта қатысты. Нәтижесінде үздік жазылған эссе жеңімпаздары анықталып, лицейішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.  
Республикалық қашықтық олимпиадасы
12
декабрь
2020
Республикалық қашықтық олимпиадасы
№178 лицейдің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сауле Орынбасарқызы Республикалық Qaztest.kz сайтында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін және сапалы материал жариялағаны үшін марапатталды.