Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алтын түлек” олимпиадасы
07
январь
2021
“Алтын түлек” олимпиадасы
Алматы қаласы “Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы” және №178 лицейдің ұйымдастыруымен өткен 10-11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен “Алтын түлек” олимпиадасы ағымдағы жылдың 4 қаңтар күні өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – лицей оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру. Лицейдің 10-11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, олимпиада міндеттерін толық орындап, жүлделі І, ІІ, ІІІ
"3D принтерде моделдеу" онлайн мастер-тренинг
07
январь
2021
"3D принтерде моделдеу" онлайн мастер-тренинг
2020 жылдың 07 қаңтар күні №178 лицейде қысқы демалыс кезеңінде оқушылардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру мақсатында «Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!» тақырыбында ғылыми-техникалық бағыт бойынша 5-7 сынып оқушылар арасында  "3D принтерде моделдеу" онлайн мастер-тренинг жұмыстары ұйымдастырылды.  
"Таланттар әлемі!"
06
январь
2021
"Таланттар әлемі!"
№178 лицейде "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!" қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға, каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұймдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес "Таланттар әлемі!" атты эстетикалық бағыты бойынша оқушылар қашықтан би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"
05
январь
2021
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"
Лицей тәлімгері Тілеужан Әбілқайырдың ұйымдастыруымен "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбында бокстан ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, халықаралық және елшілік турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері, 2018 жылы жастар арасында өткен Азия  мен Әлем біріншіліктертіне қатысушы, кәсіпқой бокстан 2 кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетіп, ел намысын абыроймен қорғап жүрген Рахат Сейітжанмен онлайн кездесу өткізілді. Оқушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, чемпионнан тұшымды жауаптар
"Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру жолдары" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті
04
январь
2021
"Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен
Үздіксіз білім беру жүйесінде жүргізілетін әдістемелік жұмыстар - мұғалім құзіреттілігін арттырудың  ерекше бөлігі. Алатау ауданы №178 лицейде 2020 жылдың 04 қаңтар күні әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңес "Бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру жолдары" тақырыбына арналды.  Әдістемелік кеңесте кафедра жетекшілерінің тарапынан І жартыжылдық жетістіктерін виртуалды көрме түрінде
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
03
январь
2021
«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы
    "Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық а.ж. 22-26 желтоқсан күндері республикамыздың білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері үшін www.daryn.kz сайтында республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуды арттыру. Олимпиадаға қатысқан №178 лицей мұғалімдері жүлделі орындарға ие болды.
Зияткерлік меншік саласы бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашылық және ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне құқықтарды қорғау бойынша оқыту семинары
03
январь
2021
Зияткерлік меншік саласы бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған
     Біздің лицей үшін 2021 жыл өте жақсы жаңалықпен басталды! Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2020 жылдың 21-25 желтоқсанында зияткерлік меншік саласы бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашылық және ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне құқықтарды қорғау бойынша оқыту семинарын өткізді. Осы семинарға №178 лицейден өз жобаларын дамыту мақсатында 11 оқушы қатысып, инновациялық ізденістері үздік деп табылып,
"Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
30
декабрь
2020
"Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П. Дуйсенбекова мен 8 сынып жетекшілері Т. Жандыбаева, М. Кошаметовалардың ұйымдастыруымен "Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру, ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.  
Үйірме жұмыстары: Шахматтан онлайн турнир жеңімпаздары
30
декабрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан онлайн турнир жеңімпаздары
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Алатау ауданы оқушылары арасында өткен шахматтан онлайн турнирде №178 лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Амонбоев Сино  
"Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
30
декабрь
2020
"Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
5 "Ә" сынып жетекшісі Тастанова Жанат "Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушы бойына бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру.