Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
09
февраль
2021
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. #ҚазақстанТәуелсіздігіне30жыл  
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақтар
08
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақтар
2021 жылдың 8 ақпан күні мамандандырылған № 178 лицейде  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында Жәкі Жанат Төлеуқызы “Қазіргі кездегі автокөлік түрлері” тақырыбында 5 "Г" сыныбында, Ертуғанова Балжан 5 "Д" сыныбында "Көліктің пайда болу тарихы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқу мақсаттарына қол жеткізді.     
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
08
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 6 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Ауелбекова Айман Айтжанқызы “Күш атасы-Қажымұқан” тақырыбында 6 "В" сыныбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқу мақсатына қол жеткізді. ”Bilimland”, Quizizz.com сайттары арқылы қашықтықтан оқытуда оқушыларды сабаққа қызықтыра отырып, сапалы сабақ ұсынды. 
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
07
февраль
2021
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
“Kemel Academy” білім беру орталығы ұйымдастырған “Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы 6-шы ақпанда өткізілді.  № 178 мамандандырылған лицейдің орта буын 5, 6, 7 және 8-сынып оқушылары осы олимпиадаға белсене қатысып, жүзден аса шәкірттеріміз жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Құтты болсын!  
"Менің оқитын сүйікті кітабым"
06
февраль
2021
"Менің оқитын сүйікті кітабым"
Мамандандырылған лицейдің кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында "Менің оқитын сүйікті кітабым" тақырыбында онлайн режимде іс-шара өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, оның мазмұнымен таныстырды. [media=https://youtu.be/gtEBAJ0pFSw]
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысы
05
февраль
2021
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген
№178 мамандандырылған лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Алиханова Аяжан "Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысында Бас жүлде иегері атанды. Дарынды оқушымызды мамандандырылған лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, мадақтаманы табыс етті.  Оқушымызға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз.
"Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында  сурет байқауы
05
февраль
2021
"Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында сурет байқауы
№178 мамандандырылған лицейде патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Ерліктері асқақтаған батырлар" тақырыбында  сурет байқауы өткізілді. 
"Ерліктері - бүгінгі ұрпаққа үлгі"  тақырыбында эссе байқауы
05
февраль
2021
"Ерліктері - бүгінгі ұрпаққа үлгі" тақырыбында эссе байқауы
№178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің ерлік істерін ұлықтау мақсатында "Ерліктері - бүгінгі ұрпаққа үлгі"  тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. 
Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған стенд, даңқ бұрышы
04
февраль
2021
Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған стенд, даңқ бұрышы
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің еңбектерімен таныстыру мақсатында ардагерлерге арналған стенд, даңқ бұрышы лицейімізде ұйымдастырылып, ілінген. 
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысына арналады"
04
февраль
2021
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысына арналады"
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз мемлекеттер достығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері еңбектерімен таныстыру, ерлік істерін ұлықтау және оқушылар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы № 178 мамандандырылған лицейдің кітапханашылары "Тәжікстан-Ауғанстан соғысына арналады" бағдарламасы аясында кітап көрмесін ұйымдастырып,