Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі
2022 жылғы 1-11 ақпан аралығындағы №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Акция аясында көп балалы аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік және мектеп жабдықтары таратылды.
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында  “Кел, оқиық бірге” акциясы  жүзеге асырылуда.
08
февраль
2022
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында “Кел,
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында лицейдің кітапхана меңгерушісі Жунисбекова Гулшира Бактияркызының ұйымдастыруымен “Кел, оқиық бірге” акциясы жүзеге асырылуда. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға дағдыландыру.
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау нәтижесі.
08
февраль
2022
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға №178 мамандандырылған лицейдің 9 “Е” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, нәтижесінде: 🥇1 орын - Қонурбай Нұржан, Альфара Айкун, 🥈2 орын - Болат Нұрсұлтан, Аружан, Бекен Аружан, Құттыбай Ердаулет, Зикиров Абылай ие болды. Шығармашылық байқауда даралықтарын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік танылған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11 сынып оқушыларымен «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына,өмірде жетістікке жету әр адамның өзінің қолында екенін ұғындыру.
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі.
08
февраль
2022
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша
Құрметті достар! ❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі жарияланды. Назарларыңызға 1 апта бойы парақшаны белсенді жүргізіп, барлық шартты орындаған мектептер тізімін ұсынамыз⬇️ Бұл аптада қатысушы мектептер саны 26 болып, белсенділік танытқан ҮЗДІК ОНДЫҚ анықталды. 1️⃣ №26 ЖББМ 2️⃣ №152 МГ 3️⃣ №180 ЖББМ 4️⃣ №178 МЛ 5️⃣ №169 МЛ 6️⃣ №154 ЖББМ , №185 ЖББМ 7️⃣ №179 ЖББМ 8️⃣ №181 ЖББМ 9️⃣ №41 ЖББМ 🔟 №150 ЖББМ
"Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
08
февраль
2022
"Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов жас полиция көмекшілеріне "Шылым шегудің адам ағзасына зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін көрсету. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, “темекі - у” екенін айтып түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің 5-10 сынып оқушылары  арасында үздік қол өнер онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз!
08
февраль
2022
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің
«Шығармашылықтың алтын бесігі» жобасы аясында аудан мектептерінің 5-10 сынып оқушылары арасында үздік қол өнер онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз! Өтетін орны: ZOOM платформасы Қатысатын мектептер: Алатау ауданы бойынша 26 мектеп оқушылары Өткізілетін түрі: қашықтан (онлайн) форматта. Уақыты: 25.02.2022 ж Байқаудың өткізілу шарттары:  Байқауға 5-6 сынып арасында оқушылар қатыса алады;  Әр мектептен 1-жұмыс қатысады;  Видео 3-5 минуттан аспау керек. Байқау 4 кезеңнен тұрады: 1-кезең:
«ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
08
февраль
2022
«ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
«ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ «Дарын» РҒПО 2022 жылдың 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурстың негізгі миссиясы - дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету. Конкурсқа 3-тен 7 жылға дейін еңбек өтілі бар мектеп психологтары қатыса алады. Конкурсқа тек апробациядан
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
08
февраль
2022
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ «Дарын» РҒПО 2022 жылдың 1-2 наурыз күндері аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурсқа 5 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогтер, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатыса алады. Командалық авторлық жұмыстар қабылданбайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді. Конкурстың
ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫ
08
февраль
2022
ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫ
ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫ «Дарын» РҒПО 2022 жылдың 9-11 ақпан күндері аралығында Щучье қаласы “Балдәурен” РОСО базасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді. Конкурс 9 секция бойынша өткізіледі: 1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті; 2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі; 3 секция – математика, информатика; 4 секция – физика, техника; 5 секция – медицина, психология; 6 секция –