Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.
15
март
2022
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында
     8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қала бойынша ең мықты деген 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдер арасында №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Г» сынып оқушысы Жуматай Азамат 4 разряд бойынша I орын алса, 6 «Д» сынып оқушысы Өтелбай Нурасыл осы жарыстың жалпы есебі бойынша I орын иеленді. Оқушыларымыз қоржындарына Алтын
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
15
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
       Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген«Өз жұлдызыңды жақ!» байқауында№178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бактиярқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дарынды жас маманға шығармашылық табыс тілейміз.
"Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары" атты математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі.
15
март
2022
"Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары"
        🟢 №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында "Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары" атты математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысты. 🟠 Алмагул Ибраимовна лицейдегі математика кафедрасының отырысында съезде көтерілген бірқатар ұсыныстарды атап өтті. Оның ішінде: тесттер мен оларға бағалау критерийлерін жасау схемасын,
"Абай әлемі" атты  республикалық шығармашылық байқау.
15
март
2022
"Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқау.
       2022 жылдың 28 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай атындағы РММИ бірлесіп ұйымдастырған "Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқауда көрсеткен ерекше жетістіктері үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төкен Ақжол және жетекшісі Женсикбаева Назгүл алғыс хатпен марапатталды. Талантты шәкіртіміз бен талапты ұстазымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!
Еліміздің атақты спортшысы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті.
14
март
2022
Еліміздің атақты спортшысы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу
     ⛳️Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортты дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мен отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №178 мамандандырылған лицейде еліміздің атақты спортшысы, қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2017 жылғы әлем чемпионы, 2015, 2016, 2017 жылдардағы Еуразия барысының чемпионы, 2015-2021 жылдар аралығындағы Қазақстан чемпионы Нығметуллаев Марат Талғатұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Марат Талғатұлы «өмірде адамның
"Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысы.
14
март
2022
"Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысы.
     №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аршабай Ақбота "Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысына қатысып, I дәрежелі дипломды иеленді. Құтты болсын!
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен іріктеу жарысы.
14
март
2022
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен іріктеу жарысы.
      ⛳️Алматы қаласында қазақ күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер мен 2007-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен іріктеу 🤼жарысында N178 мамандандырылған лицейдің 9«Д» сынып оқушысы Нұржан Марғұлан жеңіс тұғырына көтеріліп, 🥇І орынға ие болды. 🏆Қазақстанның абыройын асқақтататын жас спортшылардың қатарынан көрініп, тек қана жеңіс пен сәттілік тілейміз!
Жеңіс тұғырына көтерілген лицейіміздің жас спортшыларын құттықтаймыз!
14
март
2022
Жеңіс тұғырына көтерілген лицейіміздің жас спортшыларын құттықтаймыз!
     📍Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы Ұлттық мектеп лигасының іріктеу кезеңінде стритбол спорт түрінен 9-11 сынып оқушылары арасында N131 жалпы білім беретін мектепте жарыс өткізілді. Жарысқа қаланың Медеу, Бостандық, Әуезов, Түрксіб, Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде N178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып оқушылары 🥈ІІ орынға ие болды. ✨Жеңіс тұғырына көтерілген жас
«Заң алдында жауап береміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
12
март
2022
«Заң алдында жауап береміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    🏛️ №178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Кутумов Алатау ауданы ЖПҚБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Е.Қ. Нусупбаевтың қатысуымен 9-сынып оқушыларына «Заң алдында жауап береміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  🎓Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білуге, алдына мақсат қоя білуге баулу; құқықтық нормативтік актілерді құрметтей
Лицейдің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары Ә.Нүрпейісовтің "Қан мен тер. Ақбала" атты трагедиясын тамашалап қайтты.
12
март
2022
Лицейдің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары Ә.Нүрпейісовтің "Қан
   12-наурыз күні N178 мамандандырылған лицейдің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахналаған Ә.Нүрпейісовтің "Қан мен тер. Ақбала" атты трагедиясын тамашалап, керемет әсермен рухани азық алып қайтты. Қойылым оқиғасы жүректі тербеп, толқытты. Көрермендер әртістердің шеберлігіне тәнті болып орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалақтап шығарып салды. Театр ұжымына алғысымыз шексіз. Шығармашылық табыс тілейміз!