Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс  өткізілді.
05
апрель
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
    №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу.
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізілді.
05
апрель
2022
«Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен жас полиция көмекшілері 5-8 сынып оқушыларына «Жол ережесі туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.
5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет" тақырыбында ұлдар жиналысын өткізілді.
04
апрель
2022
5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет"
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 5-8 сынып окушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу–басты міндет" тақырыбында ұлдар жиналысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.  
Лицей оқушылары PISA-2022 халықаралық зерттеу жобасына қатысты.
04
апрель
2022
Лицей оқушылары PISA-2022 халықаралық зерттеу жобасына қатысты.
📚 2022 жылдың 4-сәуірінен бастап әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалау бойынша маңызды PISA халықаралық зерттеу басталды. Зерттеудің бұл түрі оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтауға бағытталған. 📝 Биылғы зерттеуге №178 мамандандырылған лицейдің 42 оқушысы қатысты. Зерттеу негізінде оқушылар оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы, жаратылыстану-ғылыми
Лицей Президенті жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға қолдау көрсетті.
02
апрель
2022
Лицей Президенті жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға
      ✅ Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан лицейімізде жаңадан ашылған ♻️@ecoclub178 ұйымы бастаған акцияға қолдау көрсетті. Өткізілген әрбір іс-шарадан кейін оқушыларды қалған қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастамай, оны қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында қоқыстарды сұрыптау арқылы арнайы жеке қораптарға салуға шақырды. Осындай жобаны қолға алған ♻️@ecoclub178 ұйымына өз алғысымызды білдіреміз!
"Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
02
апрель
2022
"Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
   №178 мамандандырылған лицей психологтары Ж. Агажанова мен Г. Жамалова оқушылардың функционалдық сауаттылыққа дайындау мақсатында "Сенімділік кілті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында "Менімен бірге қайтала", "Оның есесіне мен..." т.б жаттығулар жүргізілді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыру.  
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің 2022-жылдың түлектеріне жазған хатынан
02
апрель
2022
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің 2022-жылдың
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің 2022-жылдың түлектеріне жазған хатынан
Алматы қаласында орналасқан Логистика және көлік академиясы 9-11 сынып оқушыларына арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізілді.
02
апрель
2022
Алматы қаласында орналасқан Логистика және көлік академиясы 9-11
№178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан Логистика және көлік академиясы 9-11 сынып оқушыларына арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді. Артықшылықтары: 50 ректор гранты; 3000 ноутбук; әр ай сайын ойнатылатын IPHONE ұтыс ойыны; тегін тіл үйрету курстары, білім беру бағдарамалары және оқу мерзімі туралы ақпараттар берілді. Студенттік өмір - дәрісхана мен кітапхана арасындағы жол болса, академия білімгерлері осы арадағы қозғалысы - саяхатпен, табиғаттағы тимбилдингпен, кейс
Ағымдағы оқу жылының 4-тоқсанын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныс болыңыздар!
01
апрель
2022
Ағымдағы оқу жылының 4-тоқсанын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныс
Ағымдағы оқу жылының 4-тоқсанын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныс болыңыздар!
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша  олимпиада нәтижесі.
01
апрель
2022
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден
Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ базасында 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша №178 мамандандырылған лицейден 7 пәннен 35 оқушы білім додасына түсті. 2 турдан тұратын пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 10 оқушымыз жүлделі орынмен оралды. 1-орын - Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері, 2-орын – ағылшын тілі мен өзін-өзі тану пәндері, 3-орын – ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жүлделі орынға ие болды.