Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан "KAISSA" Академиясының ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушыларының жарысы өткізілді.
18
апрель
2022
Шахматтан "KAISSA" Академиясының ұйымдастыруымен қалалық мектеп
    8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ШАХМАТТАН "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына  №178 мамандандырылған лицейдің 7 «В» сынып оқушысы Майлин Нурлыхан 2-разряд бойынша I орынға ие болды. Жеңісің құтты болсын! Толағай жетістіктерге жете бер, Нурлыхан!
"Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді.
18
апрель
2022
"Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау
    Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың күніне арналған 8-сынып оқушылары арасында "Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді. Байқауда оқушыларымыз қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар әдеби шығармалардан сахналық қойылым қойып, салт-дәстүр мен әдеби шығармалардан сұрақтар беріліп, өзара мықтыны анықтады. Сонымен байқауда жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар; Бас жүлде, Гран-при - Амитбек Айбын мен Мұса Сабина және "Лицей Қозы Көрпеші" мен "Лицей Баян Сұлуы"
Халықаралық «Алматы шақырады»  байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін II дәрежелі  дипломмен 8 "Ә" сынып оқушысы Аршабай Ақбота Жеңісқызы марапатталды.
16
апрель
2022
Халықаралық «Алматы шақырады» байқауында "Көркем сөз" номинациясы
   ⚜️«Атадан-Мұра»  қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Халықаралық «Алматы шақырады» байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін II дәрежелі (🥈) дипломмен №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аршабай Ақбота Жеңісқызы марапатталды.
"Тегін білген текті жұп" номинациясына ие болған үшін 8 - сынып оқушылары Амитбек Айбын, Мұса Сәбина марапатталды.
16
апрель
2022
"Тегін білген текті жұп" номинациясына ие болған үшін 8 - сынып
    "Қозы көрпеш– Баян сұлу" ғашықтар мерекесіне орай өткен аудандық байқауға қатысып, "Тегін білген текті жұп" номинациясына ие болған үшін N178 мамандандырылған лицейдің 8 - сынып оқушылары Амитбек Айбын, Мұса Сәбина марапатталды.
Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды.
15
апрель
2022
Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды.
     Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды Бүгін, таңғы және күндізгі ауысымда лицейіміздің 5-10 сынып оқушыларына өз жұмыстарын таныстырып, үміткерлер өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Мұқаш Ермұхан аса басымдықпен көп дауыс жинап, Серікұлы Әлиханның орнын басты. Сонымен дауыс нәтижесі: 1. Мұқаш Ермұхан - 352 дауыс 2. Байжұма Бексұлтан - 310 дауыс 3. Ахметжан Нұрбике - 146 дауыс 4. Доғдырбай Ернұр - 62 дауыс жинады. Лицей Президенттігіне үміткер ретінде қатысып, өз
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай педагогтер арасында "Ұлт ұстазы" аудандық конкурсы өтті.
15
апрель
2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай педагогтер арасында "Ұлт
    Алматы қаласы Алатау ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай педагогтер арасында "Ұлт ұстазы" аудандық конкурсы өтті. Конкурста өзінің заманауи идеялары мен озық тәжірибелерімен көзге түскен Абдумуталипова Перизат І орын иеленді. Дарынды ұстазымызды жеткен жетістігімен құттықтаймыз!
Жас дарын" төсбелгісімен  11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы марапатталды.
14
апрель
2022
Жас дарын" төсбелгісімен 11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы
    Республикалық "Жас дарын" порталының ұйымдастыруымен Білім және ғылым саласында дарынды және талантты жастардың еңбектерін ерекше бағалау мақсатында "Жас дарын" төсбелгісімен N178 мамандандырылған лицейдің 11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы марапатталды. Жетекшісі: Кутумов Берик Набиевич  
ЖМБ бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері анықталды.
14
апрель
2022
ЖМБ бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері
   №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласы 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі бойынша биология пәнінен 8-сынып оқушысы Абдималик Дидар 3-орынды жеңіп алды. Жетекшісі, биология пәні мұғалімі - Т.С. Жандыбаева. Жас дарын иесін олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Су тасқыны және су басу қауіпінің алдын алу мақсатында лицей оқушыларына түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.
13
апрель
2022
Су тасқыны және су басу қауіпінің алдын алу мақсатында лицей
    Алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің мұғалімі Қурмансейтов Бауыржан Абайұлы мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде су тасқыны және су басу қауіпінің алдын алу мақсатында лицей оқушыларына түсіндірмелі жұмыстар жүргізді. Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан,
7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі  өтті.
13
апрель
2022
7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыты
    Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 сәуір күні 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі №178 мамандандырылған лицейде өтуде. Алматы қаласының барлық аудандарынан келген 98 оқушы өзара білім сынағына түсуде. №178 мамандандырылған лицейден дарынды шәкірттері биология пәнінен Абдималик Дидар, химия