Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
26
февраль
2022
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» бағыты бойынша ақындар мүшәйрасының қалалық кезеңінен мамандандырылған лицейдің 8 «Ж» сынып оқушысы Төкен Ақжол жүлделі 1-орынды иеленді. Әдебиетті сүйіп оқитын ақын жанды шәкіртіміз аталмыш сайыстың аудандық кезеңінде де оқ бойы озып шығып,1-орынды қанжығасына
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
26
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІІ орын иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі  өз мәресіне жетті.
25
февраль
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі өз мәресіне
🎓 Жас дарындарымыз жеңіске жетті! 📚 🏆 Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңі де өз мәресіне жетті. №178 мамандандырылған лицейдің жас ғалымдары мен жетекші ұстаздары жыл бойына күндіз-түні талмай еңбектеніп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейімен зерттеді. Міне, бүгін, сол еңбектің жемісін көруде!!! Ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 🥇 1-орын Дюсенова Алиша мен Өмен Меруерт, 🥈 2-орын Төлеген Диас, Ахмет Даурен, Абылайханұлы Нұрдаулет, Меркибек Камилла, Серік
Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық съезінде айтқан сөзінен
24
февраль
2022
Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық
⚜️ «Мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары жаңартылады. Алған білімді бекітіп, қайталау үшін уақыт берілуі және материалдың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Мысалы, тілдерді оқытуда грамматика, диктант пен шығарма да өз орындарын алуы керек. Тіпті балалардан бұрын мұғалімдердің өздері қиындықтарға тап болады. Ал егер балаға бағдарлама қиын болса және оны меңгермесе, онда баланың қызығушылығы жоғалады, оқуға ынтасы болмайды. Үздік педагогтер мен сарапшылар бұл бағытта жұмысты бастап кетті»
"Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс" тақырыбында аудандық онлайн семинар өткізілді.
24
февраль
2022
"Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі
    2022 жылдың 23 ақпанында №178 мамандандырылған лицейде "Іс-әрекеттегі зерттеу" жобасы аясында "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс" тақырыбында аудандық онлайн семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша шеберлік сыныптар: «Активные методы работы с текстом на уроках русского языка и литературы» /орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каирбаева М./, «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»/
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өткізілуде.
23
февраль
2022
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы
   Лицейімізде "Балалар жылы" аясында дарынды және талантты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 7-сыныптар арасында физика пәні бойынша "Кім тапқыр?" сайысы өткізілуде. Сайыс барысында оқушылар өздеріне берілген физикалық есептерді шығарып, осы саладағы білімді де тапқыр оқуушыны анықтайды.Cайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы лицейімізде іске асырылуда.
23
февраль
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы лицейімізде іске асырылуда.
   Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Себебі, кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Лицей кітапханасының меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында лицейіміздің оқушылары өздері оқыған кітаптарын өзге оқушымен алмастырып, оқуға кеңес беруде.
7-сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша "Кім тапқыр?" атты лицейішілік сайыс өткізіледі.
23
февраль
2022
7-сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша "Кім тапқыр?" атты
   Физика пәні бойынша 7-сынып оқушылары арасында "Кім тапқыр?" атты лицейішілік сайыс алдағы уақытта жоспарланды. Оқушылардың зейінін, ой-ұшқырлығын түрлі тапсырмалар арқылы дамыту, интеллектуалдық және логикалық сұрақтар арқылы білімдерін тағы да шыңдау мақсатында өтетін сайыстың барлық шарттары оқушыларға таныстырылып, алдын-ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1 ­наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында оқушылар эссе жазды.
23
февраль
2022
1 ­наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында оқушылар
Азаматтық Қорғаныс — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын ­ала хабарлау.  1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында №178 мамандандырылған лицейде төтенше
Шымкент қаласында республикалық ғылыми жобалар-2022 конкурсы өткізілуде.
23
февраль
2022
Шымкент қаласында республикалық ғылыми жобалар-2022 конкурсы
   2022 жылдың 21-25 ақпанда Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы спорт кешенінде республикалық ғылыми жобалар конкурсының ақтық кезеңінде жаратылыстану-математика бағытынан «Жер және ғарыш туралы ғылымдар» секциясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің талантты шәкірттері Даулет Айбек, Еркін Ернат және Алмат Диас пен Сапар Еркебұлан өздерінің ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғады. «Биология» секциясынан 10-сынып оқушылары Дюсенова Алиша мен Өмен Меруерт «Тар жапырақты күреңот өсімдік