Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
17
февраль
2022
Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері кәсіби бағдар
    №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері 9-сынып оқушыларына арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді: Маркетинг, Банк және сақтандыру ісі мамандықтары, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту; таңдау бойынша 2 шет тілін үйрену (қытай, корей, түрік, неміс және т.б.) туралы ақпарат берілді.
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
17
февраль
2022
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
    Алматы қаласы "Алматы дарыны" жас дарынды және талантты балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аман Мұқағали "Шымкент-Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында жүріп, "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы атты II ауысым бағдарламасы барысында өткізілген "Ұшқыр ой алаңы" топ визиткасын қорғау кешіне белсене қатысып, "Ең үздік топ" номинациясын иеленді. Жеңісті күндерің көп болсын!!!
"Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
17
февраль
2022
"Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме
    №178 мамандандырылған лицейде 7-сынып оқушыларына "Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау; сандық сауаттылығын арттыру; оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру.
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
17
февраль
2022
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме
    №178 мамандандырылған лицейде 5-6 сынып оқушыларына "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
17
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының аудандық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы Бас жүлде иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілеп, алдағы қалалық деңгейде өтетін жыр мүшайрасынан жеңімпаз болып оралуына шын жүректен тілектеспіз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!
«Қамал»  тренингі жүргізілді.
17
февраль
2022
«Қамал» тренингі жүргізілді.
     №178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова ұстаздармен «Қамал» тренингін жүргізді. Ұстаздар осы психологиялық тренинг арқылы өз бойларындағы қорқыныш пен үрейден арылды. Олар ақыл мен күшті жүрекпен сезіне білді. Бойындағы бар жақсылықты бағалап, талантын талаппен ұштап, жігерін қайратпен серік етіп әрекеттенді, алынбайтын қамал жоқ екенін түсіне білді.
TURAN  университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
17
февраль
2022
TURAN университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап
    №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан TURAN университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді: GRAND PROJECT бакалавриат бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпараттық презентацияларын ұсынды және де Мемлекеттік Грант ұтып алу мүмкіндіктері туралы да айтылды.
Алатау ауданының мектептері физика, математика пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда.
16
февраль
2022
Алатау ауданының мектептері физика, математика пәндерінен
   2022 жылдың 16 ақпан күні Алатау ауданының барлық білім беру ұйымдарының шәкірттері физика және математика пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда. Физика пәні бойынша 17 оқушы, ал математика пәнінен 27 оқушы өз білімін сынауда. Физика мен математика ғылымының қыр-сырларын меңгерген жас та болса, талантты, дарынды ізденімпаздарға тек сәттілік тілейміз!
Оқушылар  "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған премьераны "Алатау" дәстүрлі өнер театрында тамашалады.
16
февраль
2022
Оқушылар "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған
   Лицейіміздің оқушылары "Балалар жылы" аясында "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған премьераны "Алатау" дәстүрлі өнер театрына барып, сахналық қойылымды тамашалап қайтты. Ертегінің басты мақсаты - оқушыларды халықтық шығармашылыққа, ұлттық дүниелерді жетік білуге шақыру.Тәрбиелік мәні - оқушылардың сана-сезімін ояту, салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты үйрету.
«Көру зейінін дамыту» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізілді
16
февраль
2022
«Көру зейінін дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді
№178 мамандандырылған лицей психологі Г.Ж. Жамалова «Көру зейінін дамыту» тақырыбында 8-сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, көру зейінін дамыту. Көңіл – күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.