Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Білім және мансап - 2022"  көрмесі.
25
ноябрь
2022
"Білім және мансап - 2022" көрмесі.
     №178 мамандандырылған лицей оқушылары Алматы қаласында өткен XXI Қазақстандық Халықаралық "Білім және мансап - 2022" көрмесіне қатысып, көптеген мағлұматтар алды.
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.
24
ноябрь
2022
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды.
    Адамзат ғасырлар бойы аңсаған аспанды бағындыру жоспарын бүгінгі күні жүзеге асырған бір дүние бар. Ол - авиация жүйесі! Ұшақтар мен тікұшақтар аспан әлемін бағындырып, құпияларын ашты! Әуе кеңістігінің қыр-сырын танып, білу үшін 23.11.2022ж. күні N178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары АО № 405 Авиаремонттық зауытына барды. Саяхатқа бару мақсаты: аспан әлемін бағындырып жүрген авиация жүйесінің құрылысын, жасалу жолдарымен қатар жұмыс барысымен танысу, функционалдық сауаттылықты
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізілді.
23
ноябрь
2022
"Geography. A lake or a sea" және "Труд кормит человека"
   Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы айлығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбағамбетова С. 7"В" сыныбында "Geography. A lake or a sea" және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каирбаева М. 8 "Б" сыныбында "Труд кормит человека" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технология, креативті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды: QR-код арқылы сөздік жұмысы жүргізілді, инфаграфика, видеоинтервью. Сабақтар оқу мақсаттарына жетті.
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия өткізілді.
22
ноябрь
2022
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік
    Тәрбие ешқандай "үзіліс", "демалыс күндер" дегенді білмейді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» демекші, 22.11.2022ж. күні лицейімізде 9-сыныптар ата-аналарының жиналысы өтті.     «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия ұйымдастырылып, әр сыныптан белсенді ата-ана өз пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі бала тәрбиесіндегі тәжірибелердің үздік үлгілерін қалыптастырып, өздерінің үнемі дамып келе жатқан
“Кәсіби бағдар беру”  бойынша тренинг жүргізілді.
21
ноябрь
2022
“Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізілді.
    Лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты Сүлеймен Демирел Университетінің ұйымдастыруымен “Eduprof” компаниясының директоры Ілияс Садвакасов “Кәсіби бағдар беру” бойынша тренинг жүргізді және психологиялық жаттығулар жасалынды.    
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
21
ноябрь
2022
«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы
   Лицейіміздің кезекті жалпы ата-аналар жиналысы «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығында жаңа форматта өткізілді. «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ұйымдастырылған жиналысты лицей директоры Қ.Х. Шадиев ашып берді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 1) "Отбасындағы құндылық пен құралдың орынды іске асырылуы" Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің докторанты, тарихшы маман, оқытушы Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы баяндама жасады; 2) "Жақсы бала -
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
18
ноябрь
2022
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
   2022 жылғы 18 қарашада Республикалық «Жыл оқушысы - 2022» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Осы байқауда №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушысы Мэлс Шерхан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - Ж.Н. Ахметова. Дарынды шәкіртіміздің жеткен жетістігімен лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу кезеңі өтті.
17
ноябрь
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу
   2022 жылғы 17 қараша күні 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар арасында физика пәнінен лицейішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу нәтижесі бойынша 6 оқушы (9 сынып - 2, 10 сынып - 2, 11 сынып - 2) аудандық кезеңге жолдама алады. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын пәндік олимпиададан дарынды шәкірттеріміз жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Биылғы білім додасынан да талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
Лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
17
ноябрь
2022
Лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті
№178 мамандандырылған лицейде АӘТД пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов лицей ұжымына «Террористік акт қауіпі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.  
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
16
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
  Жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өте жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы саны 23 ғылыми жоба қатысып, 19 жоба жүлделі орын алды. І орын – 4 оқушы, ІІ орын – 9 оқушы, ІІІ орын – 17 оқушы жүлдегер атанып, 4 шәкіртіміз арнайы грамотамен марапатталды. Жас ғалымдарымыз республикалық кезеңге жолдама алу үшін арнайы тестілеуден өтеді. Жетістікке жеткен