Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжі 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді.
01
март
2023
Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжі 9-сынып оқушыларына
2023 жылдың 1-ші наурызында Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжі №178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушыларына «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді. Іс-шараны ICB колледжінің маркетинг бөлімінің басшысы Қасым Бағлан Нұржанұлы жүргізді. Кәсіптік бағдар аясында оқушылар колледжге түсу мүмкіндіктері, сонымен қатар өзін-өзі дамыту жолдары мен функционалдық сауаттылық туралы толық ақпарат алды.
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
01
март
2023
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті базасында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өткізілуде. Халықаралық дәрежеде өткізіліп жатқан ғылыми зерттеу конкурсына №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Әубакир Іңкар, Мұқаш Ермұхан, Жалғасбек Адал және Маратова Аяжан өздерінің ғылыми жобасын
Лицейде 5-11 сынып жетекшілері «Азаматтық қорғау» туралы интернет платформаларды пайдалана отырып, ашық сабақтар мен интерактивті сабақтар өткізілді.
28
февраль
2023
Лицейде 5-11 сынып жетекшілері «Азаматтық қорғау» туралы интернет
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып жетекшілері «Азаматтық қорғау» туралы интернет платформаларды пайдалана отырып, ашық сабақтар мен интерактивті сабақтар өткізді. Мақсаты: ҚР Заңының және азаматтық қорғаныс саласындағы заңға тәуелді актілер ережелерімен таныстыру, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия Тохтарбекқызы 7 «А» сыныбымен «Кері итеруші күш. Денелердің жүзу шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
28
февраль
2023
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия Тохтарбекқызы 7 «А» сыныбымен «Кері итеруші күш. Денелердің жүзу шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: кері итеруші күшті анықтау, физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау, сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу.
Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері итеруші күш» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
28
февраль
2023
Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері итеруші күш» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану.
Халықаралық білім беру корпорациясы лицейдің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар жүргізді.
27
февраль
2023
Халықаралық білім беру корпорациясы лицейдің бітіруші түлектеріне
№178 мамандандырылған лицейдің 9, 11 сынып оқушыларына Халықаралық білім беру корпорациясының спикерлері бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар жүргізді. Кәсіби бағдар аясында ҚазБСҚА және ҚАУ, ҚазБСҚА колледжі және Алматы байланыс колледжіндегі білім беру бағдарламалары туралы таныстырылды. ХБК-дағы ішкі олимпиадалар мен оқу ақысына жасалатын жеңілдіктер бойынша ақпарат берілді.
Лицейде  6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы  өткізілді.
27
февраль
2023
Лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс»
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді.
24
февраль
2023
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде: 🥇орын–9 д 🥈орын–9 е 🥉орын– 9 б сыныптар жеңіп алды.
7 "Ғ" сынып оқушылары  “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді.
23
февраль
2023
7 "Ғ" сынып оқушылары “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels
№178 мамандандырлған лицейдің 7”Ғ” сынып оқушылары лицей кітапханашыларымен біріге отырып, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді. Мақсаты: балаларды ертегі, кітап оқуға шақыру, ертегі, бала қиялына шабыт беретінін түсіндіру.
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
23
февраль
2023
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жумагулова Сагила Абдуллаевна 8 «Б» сыныбымен «№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау; кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика