22
ноябрь
2022
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия өткізілді.
Тәрбие ешқандай "үзіліс", "демалыс күндер" дегенді білмейді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» демекші, 22.11.2022ж. күні лицейімізде 9-сыныптар ата-аналарының жиналысы өтті.
«Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы" тақырыбында панелдік сессия ұйымдастырылып, әр сыныптан белсенді ата-ана өз пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі бала тәрбиесіндегі тәжірибелердің үздік үлгілерін қалыптастырып, өздерінің үнемі дамып келе жатқан ортаға байланысты көзқарастарымен бөлісті. «Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпіші» мәселесіне байланысты «Eduprof» компаниясының директоры Садвакасов Ілияс мырза ата-аналарға кәсіби бағдар туралы тың мәліметтерімен бөлісіп, таныстырып өтті. Жиналыс соңында лицей психологы «Бала – ата-ананың қуанышы» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.