Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясының  аудандық кезеңі
24
апрель
2023
«Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясының
     Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясы өткізілді. Хореография сайысы бойынша лицей оқушылары Бекен Айым Бас жүлдеге, ал Ақылбекова Айым жүлделі 1-орынға ие болды. Өнерлі шәкірттерімізді жүлделі жетістіктерімен құттықтаймыз!
АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» чемпионаты
23
апрель
2023
АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023»
     АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» чемпионаты Хьюстон қаласында 2023 жылы 19-22 сәуір аралығында өтті. Әлемнің 110 елінен келген 36 000 бала қатысты. Чемпионатта ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушылар қорғады.  Play 4 Energy командасы 10-16 жас аралығындағы орта жас санатында күрделі тапсырмаларды орындай алатын төзімділігі жоғары және тиімді робот жасап, тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсете білді.       №178 мамандандырылған лицейден 9
«Жұлдызды сәт» аудандық байқауының «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша жүлдегер анықталды.
21
апрель
2023
«Жұлдызды сәт» аудандық байқауының «Аспаптық музыка» номинациясы
Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауының «Аспаптық музыка» номинациясы өткізілді. Байқауға №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, көрермен көзайымына айналды. Лицей оқушылары домбыра, жетіген аспаптары аспаптарында өнер көрсетіп, 7 «А» сыныбының оқушысы Қуанышқызы Елдана 🥈орын
«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
21
апрель
2023
«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат
     Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Турнир 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұл турнирге лицейімізден 6-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Шәкірттеріміз шахмат жарысында топ жарып,
Математика пәнінің мұғалімі Л.Е. Амалбекова өз тәжірибесіндегі педагогикалық тұжырымдарымен бөлісті.
20
апрель
2023
Математика пәнінің мұғалімі Л.Е. Амалбекова өз тәжірибесіндегі
Алматы қалалық ББЖТҒӘО-ның ұйымдастыруымен «Алматы ұстазы-2022» байқауында жеңіске жеткен, Финляндияның Хельсинки қаласында білім беру тағылымдамасынан өткен мұғалімдер дөңгелек үстелде бас қосты. Осы іс-шараға «Алматы ұстазы» байқауының жеңімпазы, №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Л.Е. Амалбекова қатысып, өз тәжірибесіндегі педагогикалық тұжырымдарымен бөлісті.
Сәтбаев университеті (Автоматика және ақпараттық технологияларды институты) лицейдің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
19
апрель
2023
Сәтбаев университеті (Автоматика және ақпараттық технологияларды
Сәтбаев университеті (Автоматика және ақпараттық технологияларды институты) лицейдің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында институт спикерлері университет, соның ішінде "Биомедициналық инженерия бағыты бойынша, білім беру бағдарламасы мен мамандық бойынша жұмысқа орналастыру перспективалары жайында мәліметтер беріп өтті. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Сәтбаев университеті туралы мағлұмат алды.
6-11 сынып оқушыларына «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
18
апрель
2023
6-11 сынып оқушыларына «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов»
Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай №178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру. Туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Өз жұлдызыңды жақ" аудандық байқауында физика пәнінің мұғалімі Исакова Ж.Б. жеңімпаз атанды.
17
апрель
2023
"Өз жұлдызыңды жақ" аудандық байқауында физика пәнінің мұғалімі
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында «Өз жұлдызыңды жақ» қалалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау нәтижесінде физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бахтиярқызы Бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Жанар Бахтиярқызын жеңісімен құттықтап, қалалық байқауда сәттілік тілейміз!
«Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
17
апрель
2023
«Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен
Жаратылыстану бағытындағы пәндер кафедрасының айлығы жалғасуда. География пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ағажанова Инеш Қуандыққызы 9"Е" сыныбында «Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді.  
"Лицей ауласын көгалдандыру: өз ағашыңды отырғыз!" атты экоакция өткізілді.
17
апрель
2023
"Лицей ауласын көгалдандыру: өз ағашыңды отырғыз!" атты экоакция
Қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселе. Сондықтан, ағаштар мен түрлі өсімдіктерді отырғызудың, көгалдандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы тұрғыда ағымдағы жылдың 14 сәуір күні лицейде "Лицей ауласын көгалдандыру: өз ағашыңды отырғыз!" атты экоакция өткізілді. Акцияға лицей оқушылары қатысып, өздерінің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, жаппай ағаш отырғызу жұмыстарында белсенділік танытты. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны тазарту жолында көгалдандыру жұмыстарын