Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13-14 мамыр күндері мектеп оқушылары арасында ХХIII ашық қалалық Жәутіков олимпиадасы  өтті.
15
май
2023
13-14 мамыр күндері мектеп оқушылары арасында ХХIII ашық қалалық
2023 жылдың 13-14 мамыр күндері мектеп оқушылары арасында ХХIII ашық қалалық Жәутіков олимпиадасы өтті. N178 мамандандырылған лицей оқушысы Алипбаева Малика физика пәні бойынша 1-орын иеленді. Білім шыңын бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінген оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Лицей  әкімшілігі, мұғалімдері және оқушылары "Жасыл мекен" атты челленджге қатысуда.
15
май
2023
Лицей әкімшілігі, мұғалімдері және оқушылары "Жасыл мекен" атты
N178 мамандандырылған лицейдің әкімшілігі, мұғалімдері және оқушылары "Жасыл мекен" атты челленджге қатысуда. Мақсаты: білім алушылардың еңбекқорлығы мен ортаға деген қамқорлығын кеңейту.
"Almaty Ustazy – 2023" жас мұғалімдердің қалалық конкурсының «Мен кәсіби мұғаліммін» тақырыбындағы екінші кезеңі өтті.
12
май
2023
"Almaty Ustazy – 2023" жас мұғалімдердің қалалық конкурсының «Мен
«Almaty Ustazy – 2023» жас мұғалімдердің қалалық конкурсының «Мен кәсіби мұғаліммін» тақырыбындағы екінші кезеңі өтті. Конкурсқа қатысушы физика пәнінің мұғалімдері №178 мамандандырылған лицейде сараптамалық кеңес мүшелерінің қатысуымен сабақ өткізді. Конкурс барысында лицей директоры К.Х.Шадиев, ҚББЖТҒӘО ғылыми-әдістемелік және инновациялық бөлімінің әдіскері Д.Ж.Байсұлтанов, үйлестіруші Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова тараптарынан байқауға қатысушыларға жан-жақты қолдау
Ауданымыздың соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін лицейдің "Жас Star" парламент ұйымының оқушылары Ұлы Жеңіс мерекесімен  құттықтап қайтты.
11
май
2023
Ауданымыздың соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін лицейдің "Жас
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын! Бұл күн ұрпаққа тағлымы мол өшпес із қалдырды. Сондықтан ерлікке толы тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзеп келеді. Ауданымыздың соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін №178 мамандандырылған лицейдің "Жас Star" парламент ұйымының оқушылары Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.
6-10 сынып оқушылары арасында "Ұрпаққа ұран болған–Ұлы жеңіс" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
11
май
2023
6-10 сынып оқушылары арасында "Ұрпаққа ұран болған–Ұлы жеңіс"
N178 мамандандырылған лицейдің кітапханашылары мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Құрмансейтов Бауыржан Абайұлы 6-10 сынып оқушылары арасында "Ұрпаққа ұран болған–Ұлы жеңіс" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7-8 сынып оқушылары  арасында волейболдан жарыс өткізді.
10
май
2023
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7-8 сынып оқушылары арасында
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай №178 мамандандырылған лицейде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уразбек Дидар Манашұлы 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізді. Нәтижесінде: 🥇 орынды – 8 "В" сынып оқушылары, 🥈 орынды – 8 "Ж" сынып оқушылары, 🥉 орынды – 8 "Ә" сынып оқушылары қанжығаларына байлады.
Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен  "Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту" тақырыбында семинар   өткізілді.
05
май
2023
Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен "Жаңаша
Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен 2023 жылдың 5 мамырында "Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Алатау аудандық білім мекемелерінің қатысуымен ұйымдастырылып, өзара тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараны Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К.М.Акмурзаева мен №178 мамандандырылған лицей директоры К.Х.Шадиев алғысөзбен бастады. Семинар барысында мектеп қабырғасындағы өзін-өзі басқару
-11 сынып оқушылары арасында "МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖДЕ БІР КҮН" челленджінің "ТҮПНҰСҚА БЕЙНЕРОЛИК" номинациясы бойынша N178 мамандандырылған лицей грамота мен марапатталды.
05
май
2023
-11 сынып оқушылары арасында "МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖДЕ БІР КҮН" челленджінің
Алматы қаласы Білім басқармасы "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен өткен 7-11 сынып оқушылары арасында "МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖДЕ БІР КҮН" челленджінің "ТҮПНҰСҚА БЕЙНЕРОЛИК" номинациясы бойынша N178 мамандандырылған лицей грамота мен марапатталды.
Лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті.
04
май
2023
Лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті.
04.05.2023 жылы қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділікті таныту және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында №178 мамандандырылған лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті. Бұл сұлулық сынының өтуіне "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен "Лицей аруы- 2022" байқауының жеңімпазы Мәли Зарема мұрындық болды. Байқауда мектебіміздің 9-10 сыныптарынан 5 қыз бақ сынады. Аталған сұлулық бәсекесінде қыздар өздерінің
Лицейішілік «Жалындаған жас маман» атты жас мамандар сайысы өтті.
04
май
2023
Лицейішілік «Жалындаған жас маман» атты жас мамандар сайысы өтті.
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан -жақты шебері екендігін дәлелдеу, сонымен қатар оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында лицейішілік «Жалындаған жас маман» атты жас мамандар сайысы өтті. Үш кезеңнен тұратын сайыстың таныстыру бөлімінде жас маман өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырса, «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби бөлімінде жетістіктерін презентация арқылы көрсете білді. «Өнерлінің