Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті.
04
май
2023

Лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті.

04.05.2023 жылы қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділікті таныту және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында №178 мамандандырылған лицейде «Лицей аруы-2023» байқауы өтті.
Бұл сұлулық сынының өтуіне "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен "Лицей аруы- 2022" байқауының жеңімпазы Мәли Зарема мұрындық болды. Байқауда мектебіміздің 9-10 сыныптарынан 5 қыз бақ сынады. Аталған сұлулық бәсекесінде қыздар өздерінің жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін, өз бойындағы өнерін, табиғи дарынын сынға салды. Дода нәтидесіне сай бас жүлдені алып, 10 "Ж" сынып оқушысы Ораз Аянат топ жарса, І орын 9 "А" сынып оқушысы Думан Ділдаға, ІІ орын 9 Ә" сынып оқушысы Жеңіс Дианаға, ІІІ орын 9 "Е" сынып оқушысы Серікқызы Жанарға бұйырды. Сұлуық сайысына қатысқан өзге бақ сынаушылар да номинациялармен марапатталды.
Лицейімізде өтіп жатқан әрбір іс-шара бала тәрбиесіне, оның болашақта елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өсуіне көптен-көп септігін тигізері сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: