Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25 қазан – Республика күні
23
октябрь
2023
25 қазан – Республика күні
     25 қазан – Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицей ұстаздары мен оқушылары мемлекеттік гимн орындады. Мереке құтты болсын!
Информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы алғысхатпен марапатталды.
22
октябрь
2023
Информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы алғысхатпен
     Біліктілікті арттыру жүйесінде "Информатика мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін үздіксіз дамыту" тақырыбы бойынша өткізілген шебер-сыныпта өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін N178 мамандандырылған лицейдің  информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы алғысхатпен марапатталды.
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының жеңімпазы атанды
21
октябрь
2023
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының
     2023 жылғы 21 қазанда туристік және өлкетану қызметін жандандыру арқылы балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мен туристік дағдыларды қалыптастыру, мейірімді және мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2023» қалалық туристік жарысы өтті. Бірнеше кезеңді сайыста лицей командасы топ жарып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс лицей абыройын жалау еткен оқушыларымыздың еңбегінің жемісі.
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол күрестен жасрыс өткізілді
20
октябрь
2023
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол
25 қазан - Республика күніне орай 20 қазанда №178 мамандандырылған лицейде «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы Спорт клубының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында қолкүрестен жарыс өткізілді. Білекті оқушылар қатарынан табылған Ешмұхамет Қанатбек 1-орынды, Қуанышбек Ильяс пен Сәбит Нұрым 2-орынды, Аманбай Нұрасыл, Жұмабек Қажыкелді мен Азимхан Елжас 3-орынды еншіледі. Ел тірегі болар азаматтарымыз көп болсын! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Тәжірибе алмасу — кәсіби қажеттілікті шыңдау
20
октябрь
2023
Тәжірибе алмасу — кәсіби қажеттілікті шыңдау
     2023 жылдың 20 қазанында лицейдің физика-информатика пәндерінің мұғалімдері Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі, жоғары санатты педагог-шебер. «Еңбек ардагері» медалі, III дәрежелі «Еңбек Даңқы ордені», «Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі» атағы, «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төс белгілерінің иегері Тұяқбаев Сабыр Тұяқбайұлымен кездесті. Кездесу барысында ұстаздарымыз Сабыр Тұяқбайұлына көкейдегі сұрақтарын
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді
20
октябрь
2023
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе
     25 қазан - Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицейде "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 оқушылары арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында, оқушылар өздерінің болашақта көргісі келетін Қазақстан жайлы өз ойларын пайымдап, ақ қағаз бетіне түсірді. Нәтижесінде: 1-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша, 2-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Доғдырбай Айару, 3-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Алибекұлы Абзал жеңіп алды.
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау байқауында Бас жүлде иеленді
20
октябрь
2023
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау
№178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс Шымкент қаласында "Zhuldyz art Kazakhstan" ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық аспапта ойнау байқауынан Гран-при иеленді. Құттықтаймыз! 
Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай  "Alatau Creative Hub" орталығында ұйымдастырылған мерекелік кешке атсалысты
19
октябрь
2023
Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай "Alatau Creative Hub"
     Лицейіміздің өнерлі оқушыларының бірі Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай  "Alatau Creative Hub" орталығында ұйымдастырылған мерекелік кешке лицей атынан қатысып, өз өнерін көрсетті. Биылғы оқу жылында лицейіміз аталған орталықпен арнайы Меморандум жасап, лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы мен орталықтың директоры Нұрзия Мейірханқызының қолдауларымен қос тараптың өтініші бойынша іс-шараларды бірігіп өткізуге келіскен болатын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын! Еліміз
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан "Гаухартас ллгасы" өткізілді
19
октябрь
2023
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан "Гаухартас лигасы" аясында бір орыннан ұзындыққа секіру, 100 м жүгіру, эстафеталық жарыс және кросстан жарыстар өтті. Жарыстың басты мақсаты - қатысушылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс өте тартысты, қызықты өтті. Жарысқа қатысушылар бақтарын сынап, керемет өнер көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, медальдар және