Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 5
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
11
декабрь
2025
«Сенім – табыс кілті» психологиялық тренинг
Бүгін лицейде 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық аясында «Сенім – табыс кілті» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушыларға стресс пен толқынысты басқару тәсілдері, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар ұсынылды. Шара оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және ҰБТ-ға сенімді дайындалуына ықпал етті.
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
11
декабрь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
 11 желтоқсан күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
10
декабрь
2025
Ұстаз мерейі үстем болған күн!
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаздарымызға мың алғыс! Алматы қаласы Білім басқармасы ББ ЖТ ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері зор жетістікке жетті.  Абдумуталипова Перизат Косалиевна — I орын иегері атанып, қалалық кезеңге жолдама жеңіп алды!  Женсикбаева Назигуль Бахытовна — III орын  Аметова Сауле Уринбасаровна — III орын Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, шығармашылық ізденістері шыңдала берсін!
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
09
декабрь
2025
Қар көшкінінің алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
Бүгін лицейде оқушыларға қар көшкіні қаупі, оның себептері және одан қорғану тәсілдері бойынша арнайы түсіндірме сабақ өткізілді. Онлайн форматта өткен кездесуде мамандар таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелерін, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Оқушылар қар көшкінінің негізгі себептерімен, ауа райының өзгеруінің әсерімен, жер сілкінісі сияқты табиғи факторлар және адам әрекеті салдарынан болуы мүмкін қауіптермен
Дұрыс таңдау жаса!
08
декабрь
2025
Дұрыс таңдау жаса!
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне саяхат-сабағына барды.