«География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері»
2025 жылдың 2 желтоқсанында лицейімізде география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен география пән мұғалімдері қатысып, олимпиадаға дайындықтың заманауи әдістемелерімен танысты. Семинардың мақсаты – оқушыларды олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылардың зерттеу-талдау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау. Іс-шара барысында олимпиадалық тапсырмалармен