Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 3
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21
ноябрь
2025
“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21 қараша күні 9-сыныптар арасында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара өтті. Оқушылар тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, көркем оқулар жасап, тарихи көріністер қойып, шығармашылық жобаларын ұсынды. Шара жас ұрпаққа Міржақып мұрасының мәнін терең түсіндіруге, ұлттық рухты оятуға бағытталды.
«Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлы
21
ноябрь
2025
«Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлы
8 “Б” сынып оқушылары «Оқитын ұлт: кітап клубы» қалалық интеллектуалды-шығармашылық батлында I орынға ие болды! Бұл – үлкен еңбек пен бірліктің, талпыныс пен ізденістің жемісі. Оқушыларды білімге, әдебиетке, ойлау мәдениетіне баулып жүрген жетекшісі – Окпебаева Салтанат Каджимуратовнаға ерекше алғыс білдіреміз!
XVIII Президенттік олимпиадасының жүлдегерлері
21
ноябрь
2025
XVIII Президенттік олимпиадасының жүлдегерлері
Астана қаласында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Республикалық XVIII Президенттік олимпиадаға №178 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. XVIII Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері: II орын: Бахытжанқызы Адия, III орын: Жұмабек Қажыкелді, грамота: Мухаметканов Мансур. Құттықтаймыз!!!
Дұрыс тамақтануды насихаттау
21
ноябрь
2025
Дұрыс тамақтануды насихаттау
Лицейіміздің 5 "Ә" сынып оқушыларына «Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы мен салауатты өмір салтын ұстанудың жолдары туралы ақпарат берілді.
Алатау ауданында "Сенім диалогы" тәрбиелік-көшбасшылық кездесуі өтті
21
ноябрь
2025
Алатау ауданында "Сенім диалогы" тәрбиелік-көшбасшылық кездесуі өтті
Алатау ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 10-сынып оқушыларының қатысуымен жастардың тұлғалық дамуына бағытталған “Сенім диалогы” атты кездесуі өтті. Шара жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыруды, құқықтық-әлеуметтік сауаттылығын күшейтуді және дұрыс өмірлік таңдауға бағыт беруді мақсат етті. Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға мотивация беретін әсерлі ойларымен бөлісті. Олардың қатарында: Кирикбаев Данияр Батанұлы –
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
20
ноябрь
2025
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
2025 жылдың 14 қарашасында 11-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында ҰБТ-леу орталығында сынақ тапсырды. Сынақ жұмыстары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен дайындық деңгейі анықталды. Тест қорытындылары пән мұғалімдерімен талқыланып, нәтижелерге сүйене отырып алдағы дайындық жұмыстары бойынша нақты жоспар айқындалды.
"Білім және мансап" тақырыбындағы мамандықтар жәрмеңкесі
19
ноябрь
2025
"Білім және мансап" тақырыбындағы мамандықтар жәрмеңкесі
2025 жылдың 19 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушылары «Атакент» көрме орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан дәстүрлі «Білім және мансап» атты XXIV Қазақстан халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде оқушылар мамандыққа байланысты маңызды ақпараттармен танысып қайтты.