21
ноябрь
2025
Алатау ауданында "Сенім диалогы" тәрбиелік-көшбасшылық кездесуі өтті
Алатау ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 10-сынып оқушыларының қатысуымен жастардың тұлғалық дамуына бағытталған “Сенім диалогы” атты кездесуі өтті. Шара жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыруды, құқықтық-әлеуметтік сауаттылығын күшейтуді және дұрыс өмірлік таңдауға бағыт беруді мақсат етті. Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға мотивация беретін әсерлі ойларымен бөлісті. Олардың қатарында: Кирикбаев Данияр Батанұлы – Алатау ауданының әкімі; Нұрбек Қарабала – NAIZA лигасының президенті; Асхат Абжанов – «Жаңа Ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, тұлғалық даму сарапшысы; Аитов Данил – нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі; Айбек Асқарұлы Сейдалимов – Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры. Шара барысында оқушыларға қоғамдағы өз орнын табу, жауапкершілікке бейімделу, зиянды әрекеттерден сақтану, мақсат қою және болашаққа сенімді қадам жасау жөнінде құнды кеңестер айтылды.

