“Міржақып Дулатұлы – Ұлт рухының жаршысы”
21 қараша күні 9-сыныптар арасында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара өтті. Оқушылар тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, көркем оқулар жасап, тарихи көріністер қойып, шығармашылық жобаларын ұсынды. Шара жас ұрпаққа Міржақып мұрасының мәнін терең түсіндіруге, ұлттық рухты оятуға бағытталды.