Ұлттық киім — рухани тамырымыздың көрінісі
«Адал азамат — біртұтас тәрбие» қағидасын ұстанған біз үшін ұлттық болмысымызды ұлықтау — басты міндетіміз. Әр жұма күні — Ұлттық киім күні ретінде белгіленіп отыр. Бұл — тек киім кию емес, бұл — дәстүрімізге тағылым, ұрпаққа өнеге. Қазақы шапан, кестелі камзол, оюлы белбеу мен сәукеле — ғасырлар сүзгісінен өткен саф мәдениеттің айғағы. Осындай құндылықтарды бүгінгі күнмен үндестіре отырып, біз адалдықты, ұлтжандылықты, инабаттылықты бойына сіңірген тұлғаны — Адал Азаматты қалыптастырамыз.