09
октябрь
2025
"Денсаулық-дұрыс тамақтанудан басталады"

Лицейіміздің 5 "Ә" сынып оқушылары арасында «Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызы, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидалары туралы кең көлемде ақпарат берілді.Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтының мәнін ұғындыру болды. Балалар көкөніс пен жеміс-жидектердің, дәрумендерге бай тағамдардың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы білді. Сонымен қатар, күн тәртібін сақтау, жеткілікті ұйқы мен дене белсенділігінің де денсаулықты нығайтатын маңызды факторлар екені түсіндірілді.
Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас жеткіншектердің денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.