"Денсаулық-дұрыс тамақтанудан басталады"
Лицейіміздің 5 "Ә" сынып оқушылары арасында «Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызы, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидалары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтының мәнін ұғындыру болды. Балалар көкөніс пен