Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 4
"Таза Қазақстан - таза болашақ"
19
сентябрь
2025
"Таза Қазақстан - таза болашақ"
"Таза Қазақстан – таза болашақ" атты экологиялық акциясы аясында лицейдің ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты. Аталған шара табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Акция барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара лицей ұжымының экологиялық мәдениетін арттырып, оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтты.
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ іс
18
сентябрь
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ іс
18 қыркүйек №178 мамандандырылған лицейінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Алатау аудандық ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Л.Т. Жампеисова лицей әкімшілігімен бірлесіп өткізді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәрбие, жауапкершілік, тәртіп сақтау және заңбұзушылықтың салдары туралы маңызды ақпарат берілді.
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама
17
сентябрь
2025
"Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша "Дұрыс таңдау жаса!" тақырыбында сауалнама толтырды. Сауалнама негізінде оқушылардың университеттерге Кампус Тур жасалуы мен мамандық таңдауы бойынша тест жұмыстары алынды.
«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты ерлік сабағы өтті
17
сентябрь
2025
«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты ерлік сабағы өтті
2025 жылғы 17 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейде Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайту мақсатында «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараның құрметті қонағы – әскери қызметтің ардагері Машанов Жанатбек Чаймолдаевич болды. Ол өз кезегінде Кеңес армиясы қатарында Германия Федеративтік Республикасында әскери борышын өтеген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұзақ жылдар қызмет етіп, ел қорғанысын нығайтуға өз
Адал азамат, ойы озық ұрпақ – білім мен тәрбиенің жемісі
15
сентябрь
2025
Адал азамат, ойы озық ұрпақ – білім мен тәрбиенің жемісі
2025 жылдың қыркүйек айында 178 мамандандырылған лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста лицей директоры жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналармен кері байланыс орнатты. Лицейдің психолог мамандары мен инспекторы жасөспірімдер тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігі туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Шараға арнайы қонақ ретінде балалар жазушысы Саят Қамшыгер қатысып, ата-аналармен тәрбие мен ұлттық құндылықтар
Республикалық сайлау диктанты өтті
15
сентябрь
2025
Республикалық сайлау диктанты өтті
2025 жылғы 15 қыркүйекте 178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында Республикалық сайлау диктанты ұйымдастырылды. Диктант лицейдің 5–11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оның негізгі мақсаты – жас және болашақ сайлаушылардың сайлау мәдениеті мен хабардарлығын арттыру, Конституцияның маңызын терең түсіндіру болды.