Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 2
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
27
сентябрь
2025
Таза Қазақстан - жас ұрпақтың жаңа бастамасы
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында лицейіміздің 10 «Ж» сынып оқушылары: Сабитова Жанель, Манасбай Амина және Аманжол Дарын белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оқушыларымыз мектеп аумағында қоқысты сұрыптап, қағаз қалдықтарын арнайы жәшіктерге бөліп жинау жұмыстарын жүргізді. Олардың бұл әрекеті – табиғатқа жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі.
ҰБТ-ға сенімді қадам
26
сентябрь
2025
ҰБТ-ға сенімді қадам
11-сынып оқушыларымен лицей психологтары тарапынан ҰБТ-ға дайындыққа байланысты мотивациялық тренинг өткізілді. Бұл кездесу барысында оқушылар өз мақсаттарын айқындап, ҰБТ алдындағы қобалжуды жеңу жолдарын үйренді. Алдағы сынақта барша түлектерге сәттілік тілейміз! 
Тамақтану гигенасы туралы не білеміз?
25
сентябрь
2025
Тамақтану гигенасы туралы не білеміз?
Адамға көптеген ауру қоздыратын микробтар тазартылмаған көкөніс, жеміс-жидек, су, шикі піскен тағам түрлерінен жұғады. Сол үшін үйде ас әзірлейтін аналардың әсіресе, тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтіндері мұқият болғаны абзал. Тамақтан улануға себеп болатын бактериялардың басты тасымалдаушысы-адамның өзі. Адамның аузы-мұрны, қолы, терісі, ішегі бактерияларға толы. Ас үйдегі тағам қалдықтарын тастайтын ыдыс та микробтың нағыз ұясы. Жабық ыдыста сақталмаған, дер кезінде төгілмеген тағам
Жас дарындар – жеңіс тұғырында!
25
сентябрь
2025
Жас дарындар – жеңіс тұғырында!
2025 жылғы 21–28 қыркүйек аралығында Қазан қаласында өткен БРИКС елдері қалаларының балалар фестивалінде Алматылың дарынды өрендері БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды! Еліміздің көк туын көкте желбіреткен 11-сынып оқушылары Жұмабек Қажыгелді мен Аманжол Ералы лицей намысын абыроймен қорғап, шығармашылығымен тәнті етті! Мәдениет. Білім. Шығармашылық. Жеңіс. Барлығы – бір арнада, бір жүректе! ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Дарынды ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі! 
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
25
сентябрь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу нәтижесі бойынша: Оқушыларға берілетін тағамдар қолданыстағы талаптарға сай екені; Ас мәзірі санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді; Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды сақтап, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен жұмыс атқаруда; Тағамдар уақтылы және жеткілікті мөлшерде берілуде. Тексеру қорытындысы: Комиссия мүшелері тарапынан ешқандай кемшіліктер анықталған жоқ. Асхананың жұмысы талапқа сай деп бағаланды.
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
24
сентябрь
2025
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде жер сілкінісі жағдайындағы іс-әрекеттерді үйретуге арналған сейсмологиялық жаттығу өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, төтенше жағдайда дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға үйрету. Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, оқушылар сыныптарынан шығып, мұғалімдердің нұсқауымен қауіпсіз аймаққа шықты. Әр сынып жетекшісі өз оқушыларының толық жиналғанын тексеріп, белгі берді.