Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
24
сентябрь
2025
Жер сілкінісі жағдайындағы сейсмологиялық жаттығу өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде жер сілкінісі жағдайындағы іс-әрекеттерді үйретуге арналған сейсмологиялық жаттығу өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, төтенше жағдайда дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға үйрету. Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, оқушылар сыныптарынан шығып, мұғалімдердің нұсқауымен қауіпсіз аймаққа шықты. Әр сынып жетекшісі өз оқушыларының толық жиналғанын тексеріп, белгі берді.  
"Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті
24
сентябрь
2025
"Алматы - әсем қала" атты әдеби кеш өтті
Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласының туған күніне орай "Alatau Creative Hub" орталығында "Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті. Аталған  шараға лицейіміздің оқушылары да қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, үлестерін қосты.