Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
04
сентябрь
2025
Тілдер мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті
2024 жылғы 4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Тілдер мерекесіне арналған әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген құрметін ояту, ұлттық рухты дәріптеу. Кештің құрметті қонағы – қазақ тілінің жанашыры, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Асылы Осман Әлиқызы болды.