Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр "Жазғы кубок 2014"  чемпионатына қатысып, 1- орын иеленді.
31
июль
2025
6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр
N178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" сынып оқушылары Кайрат Фараби, Әділбек Әділет, Бауыржан Адияр "Жазғы кубок 2014" чемпионатына қатысып, 1-орын иеленді.
2025 жылы жоспарлы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті
30
июль
2025
2025 жылы жоспарлы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті
2025 жылы лицейіміз жоспарлы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. Аттестация барысында білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі, құжаттамасы, материалдық-техникалық базасы, педагогтардың кәсіби деңгейі жан-жақты тексеріліп, оң бағасын алды. Бұл - ұжымның жүйелі еңбегі мен оқушыларымыздың оқу жетістіктерінің нәтижесі. Лицейіміз білім беру сапасын одан әрі арттыру жолында жұмысын жалғастырады.
6 "А" сынып оқушысы Бауыржан Адияр "Бомбардир" номинациясын иеленді.
29
июль
2025
6 "А" сынып оқушысы Бауыржан Адияр "Бомбардир" номинациясын иеленді.
N178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" сынып оқушысы Бауыржан Адияр "Жазғы кубок 2014" чемпионатына қатысып, "Бомбардир" номинациясын иеленді.
“Таза Қазақстан – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік”акциясы
28
июль
2025
“Таза Қазақстан – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік”акциясы
“Таза Қазақстан – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік” акциясы аясында лицейіміздік 6 “Г” сынып оқушылары ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының табиғат туралы жырларына үңіліп, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ерекше тебіреніспен жеткізді. Абайдың табиғатты суреттеген өлеңдері – тек көркемдік шеберлік емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға құрметпен қараудың айқын үлгісі. Балалар “Жаз”, “Күз” секілді өлеңдерді мәнерлеп оқып, әр маусымның сұлулығын сезіне отырып, табиғаттың адам
Табиғат – адамзаттың анасы
25
июль
2025
Табиғат – адамзаттың анасы
Табиғат – адамзаттың анасы Табиғат – біздің өміріміздің бастауы, тіршіліктің нәрі. Ол – әрбір гүлдің иісі, әрбір жапырақтың сыбдыры, әрбір таудың тынысы. Адамзат баласы табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпауы тиіс. Табиғатты қорғау — өз болашағымызды қорғау. Табиғатты аялау — рухани тазалықтың айғағы.
“Таза Қазақстан” – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік!
24
июль
2025
“Таза Қазақстан” – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік!
“Таза Қазақстан” – ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік! 2025 жылғы 24 шілде күні №178 мамандандырылған лицейде “Таза Қазақстан” және “Таза бейсенбі” жобасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл игі шараға лицей ұстаздары, ата-аналар қауымы және медбикелер белсене қатысып, оқу орнының аумағын абаттандырып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Таза орта – жарқын болашақ кепілі. Осындай бірлескен бастамалар арқылы біз жас ұрпаққа тазалықтың және қоғамдық жауапкершіліктің,
Абай жолымен - таза болашаққа!
23
июль
2025
Абай жолымен - таза болашаққа!
Абай жолымен - таза болашаққа! Бүгін лицейімізде табиғатты аялау мен тазалықты насихаттау мақсатында сенбілік жұмыстары өтті. Аула тазаланып, ағаштар мен гүлдер түбіне су құйылды. Лицей маңы абаттандырылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Бұл тек сенбілік емес, ұрпақ бойына жауапкершілік, еңбекқорлық пен ұлт мұрасына құрмет дарытудың бір жолы. Біз табиғатты аялай отырып, рухани тазалыққа бет түзейміз.
Ата-аналар назарына!!!
22
июль
2025
Ата-аналар назарына!!!
« Құрметті ата-аналар! Баланың қауіпсіздігі ересектердің сақтығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты апатты болдырмау үшін сізге келесі ережелерді ұстаныңыз: Ересектердің сүйемелдеуінсіз балаңызға балконға шығуға рұқсат бермеңіз. Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Ол терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады. Пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдету кезінде көз жеткізіңіз, бұл
Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда
15
июль
2025
Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда
200 мыңнан астам бала заманауи білім ордаларында оқуға мүмкіндік алды: Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда ✍️ Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. ➡️ Толығырақ gov.kz сайтында
Қауіпсіздік ережелері: Өрт шыққанда не істеу керек?
14
июль
2025
Қауіпсіздік ережелері: Өрт шыққанда не істеу керек?
Қауіпсіздік ережелері: Өрт шыққанда не істеу керек? Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз; Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек.  «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды; Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз; Егер өрт