Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Музей түні – 2025» тақырыбында дәстүрлі мәдени акциясы өтті
19
май
2025
«Музей түні – 2025» тақырыбында дәстүрлі мәдени акциясы өтті
«Шабыт» жобасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2025 жылы 17 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясы өтті. Ауқымды мәдени оқиғаға айналған бұл шарада лицейіміздің оқушылары “Аталар аманаты – ұлы жеңіс” тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналған викториналар мен сайыстар өткізді. Музей қонақтарын ойынға қызықтырып, озық шыққандарды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
май
2025
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып
Қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Балалардың өмірі мен денсаулығы - ұлттық қауіпсіздіктің негізі және мемлекетіміздің болашағы болып табылады. Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында №178 мамандандырылған лицейде "КӨМЕК" бағдарламасы аясында оқушыларға "Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
«Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары эссе жазды.
19
май
2025
«Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сай «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары эссе жазды. Нәтижесінде үздік эссе жазған оқушылар дипломмен марапатталды.