Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»  оқушылардың бос уақытын ойын ұйымдастырылды.
08
май
2025
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыруы лицей оқушылар ұлттық болмыс пен ұлттық мүддені насихаттау, оқушылардың үзілісте бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар асық, тоғызқұмалақ ойнайды.
Сүт өнімдерінің пайдасы
08
май
2025
Сүт өнімдерінің пайдасы
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың - бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған.      Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.  
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
08
май
2025
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы Алматы қаласы мамандандырылған балалар үйінде ерекше шара өтті. «Қамқор» жобасының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына еріктілер, демеушілер мен лицей оқушылары белсене қатысты. Балаларға қуаныш сыйлап, оларға мейірім мен махаббатқа толы көңіл күй тарту еткен бұл игі шара – бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қайырымдылық – жүректен, ал мейірімділік – әрекеттен басталады!
«Лицей сұлтаны-2025»  байқауы өтті
08
май
2025
«Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті. Нәтижесінде: Бас жүлде: Анарбек Иманали, 8 «Ә» сынып оқушысы; 1-орын: Қайырхан Нұржан, 8 «Б» сынып оқушысы; 2-орын: Мейрамбек Ерсұлтан, 7 «Г» сынып оқушысы; 2-орын: Шарубек Нартай, 7 «Ә» сынып оқушысы; 3-орын: Әлкен Ерасыл, 8 «Ғ» сынып оқушысы жеңіп алды.
Сенбілік – тазалық кепілі
08
май
2025
Сенбілік – тазалық кепілі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай лицейімізде тазалық пен тәртіпке арналған сенбілік өтті! Бұл – тек аула тазарту емес, бұл – ұрпаққа құрмет, табиғатқа жанашырлық, өз ортаңа деген сүйіспеншілік!  Біздің мақсат – лицейімізді жай ғана таза ұстау емес, оны шабыттандыратын, жарқыраған білім ордасына айналдыру! Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер – барлығы бір мақсатпен бірігіп, аула тазалап, жасыл желекке күтім жасады.