Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алгебра" пәнінен қорытынды аттестаттау жүргізілді
29
май
2025
"Алгебра" пәнінен қорытынды аттестаттау жүргізілді
2025 жылдың 29 мамырында Республикамыздың барлық білім беру мекемелерінде негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылар үшін «Алгебра» пәнінен қорытынды аттестаттау жүргізілді. Аттестаттаудың мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламасы көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес анықтау. Бұл рәсім оқушылардың пән бойынша білім, білік және дағдыларын бағалауға, сондай-ақ олардың келесі оқу сатыларына дайындық деңгейін айқындауға
БАЛАЛАР – БІЗДІҢ  БОЛАШАҒЫМЫЗ
28
май
2025
БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Балалар – біздің болашағымыз, оларды қолдап жүру – қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беруге ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып,
5, 7–8, 10-сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен аралық емтихан өткізілді
27
май
2025
5, 7–8, 10-сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен аралық емтихан
Қазақ тілі – ел болашағының тілі! 2025 жылдың 25–26 мамыр күндері лицейде 5, 7–8, 10-сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен аралық емтихан өткізілді. Мақсат — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятып, тілдік құзыреттіліктерін дамыту. Емтихан барысында оқушылар оқылым және жазылым тапсырмаларын сәтті орындап, өз ойларын нақты жеткізіп, пікір айту, қорытынды жасау қабілеттерін көрсетті. Қазақ тілі – тек пән емес, ол – ұлттың жүрегі. Оқушылардың қызығушылығы
Лицейім, саған мың алғыс!
26
май
2025
Лицейім, саған мың алғыс!
Лицейім, саған мың алғыс! Бүгін – біз үшін ерекше күн! Ұстаз бен шәкірт арасындағы алтын көпірге айналған аяулы лицейімізге алғыс білдіріп, жүрек түкпіріндегі ыстық сезімді жеткізетін салтанатты кеш өтті. Бұл – білім ордасына деген шексіз ризашылықтың, жарқын естеліктер мен үкілі үміттердің тоғысқан сәт. Осы жылдар ішінде қаншама шәкірт қанат қақты, ұстаздың мейірімі мен еңбегінің жемісі – біздер! Лицей – болашаққа бастаған білім жол! Лицей – жанымызға жақын, жүрегімізде мәңгі сақталатын орта!
«Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаттары өтті
23
май
2025
«Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаттары өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес №178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаттары өтті. Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
Спорт – денсаулық кепілі
22
май
2025
Спорт – денсаулық кепілі
1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай лицейімізде 5-сынып оқушылары арасында футболдан дәстүрлі "Директор кубогы – IV"  лицейішілік турнирі ұйымдастырылды. Турнирге 5-сыныптардан төрт сынып қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде: І орынды – 5 "А" сыныбы, ІІ орынды – 5 "Ә" сыныбы, ІІІ орынды – 5 "Б" сыныбы иеленді. Айта кететін жайт, биылғы оқу жылында футболдан лицейішілік турнирде 5 "А" сыныбының футболшылары екінші мәрте чемпион атанып отыр.  
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
21
май
2025
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық»
«Мектеп бітірушілерге арналған бағыт-бағдар: бірге қолдайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы, кәсіби бағдар және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, оқу мотивациясын арттыру жолдары бойынша пікір алмасты. Кездесу өзара түсіністік пен бірлескен жауапкершілік негізінде өтті.