Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2025 года » Страница 8
Біздің ағзамызға көкөністердің пайдасы
07
апрель
2025
Біздің ағзамызға көкөністердің пайдасы
Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл-күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) көкөністер болуы керек.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дебат сайысынан жеңімпаздар
07
апрель
2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дебат сайысынан жеңімпаздар
,,Біртұтас тәрбие’’ аясында өткізілген Алатау ауданы бойынша пікірсайыс турнирі өтті. Лицейдің дарынды оқушылары қатысып, жеңімпаз атанды. АПФ | l орын ,,Жеңу үшін қиналу керек емес’’ фракциясы Зақанов Нұрдәулет Шендібай Асанали  ЛД | Ең үздік спикер Зақанов Нұрдәулет
Ата-аналар мен  мектеп жасындағы балаларға  мопед қолдану ережесін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары таныстырды
05
апрель
2025
Ата-аналар мен мектеп жасындағы балаларға мопед қолдану ережесін
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Аккент" ықшам ауданына қарасты учаскелік полиция капитаны Жилкибаев Тойлыбай Серикбайұлы, полиция аға лейтенанты Кокиев Дархан Тлеуғазыұлымен бірлесе отырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы ата-аналар мен мектеп жасындағы балаларға мопед қолдану ережелерімен таныстырды.  
Білім мен білік тоғысқан сәт
04
апрель
2025
Білім мен білік тоғысқан сәт
4 сәуір күні Астана қаласында ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңес табысты өтті! Бұл маңызды шараға Мөлдір Үсенқызы қатысып, оқу сауаттылығын арттырудың заманауи әдістерін талқылауға, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына және оқушылардың мәтінді түсіну дағдыларын жетілдіру жолдарын қарастыруға мүмкіндік алды.Семинар аясында білім беру саласындағы озық
«Шабыт» жобасы аясында лицейде «Ұлттық мәдениет» көрмесі өтті
04
апрель
2025
«Шабыт» жобасы аясында лицейде «Ұлттық мәдениет» көрмесі өтті
Әрбір ұлттың тарихы мен мәдениеті – оның басты құндылығы. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы, салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізгі көзі. Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Шабыт» жобасы «Ұлттық мәдениет» көрмесі лицейімізде қолөнер көрме ұйымдастырылды.
Ата-аналармен ақпараттық кездесу: «Бақытты отбасы – бақытты бала»
04
апрель
2025
Ата-аналармен ақпараттық кездесу: «Бақытты отбасы – бақытты бала»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде ата-аналар қауымына арналған «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және өзекті мәселелер бойынша ақпараттық қолдау көрсету. Жиналыс барысында келесі тақырыптар қарастырылды: 1.«Бақытты отбасы – бақытты бала» – Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, психолог, PhD Нұрғайша Ахметжанқызы Құдушеваның
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік
04
апрель
2025
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік
 Алатау ауданы полиция АПБ инспекторы полиция капитаны Бержанов Азамат Баймантаевич “Жолда жүру ережесін сақтау” және "Мопедтің зияны" тақырыптарында лицей мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
Құстар әлеміне саяхат: кітап көрмесі ұйымдастырылды
04
апрель
2025
Құстар әлеміне саяхат: кітап көрмесі ұйымдастырылды
Лицей кітапханашылары "Құстар күні" акциясы аясында оқушылар арасында танымдық кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға құстардың тіршілігі, табиғаттағы рөлі туралы мағлұмат беру, оларды табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Көрме барысында оқушылар құстар жайлы қызықты деректермен танысып, тақырыпқа қатысты әдебиеттермен жұмыс жасады. Бұл шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
04
апрель
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Cәуір айының 4-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.