"Жас жол инспекторлары" жарыста топ жарды!
Жасөспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, жолдарда балалар жарақаттануының алдын алудың тиімді бағыттарының бірі – мектептерде «Жас жол инспекторлары» жасақтарының құрылуы және олардың тұрақты түрде жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 2025 жылы сәуір айының 29 күні Алатау ауданы көлемінде 11-14 жас аралығындағы оқушылар арасында «Жас жол инспекторлары» жасақтарының слеті өткізілді. Атаулы жарыс «Саптық түзеу», «Жол белгілерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп