Үздік ұйыммен – үздік серіктестік
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасында лицей басшысы Шадиев Кайратбек Хамзаханович қазылар алқасының төрағасы ретінде жас ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Кайратбек Хамзаханович қатысушыларға өзінің білім жолындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, жан-жақты бағыт-бағдар берді. Ұстаздық жолды жүрекпен сүю арқылы шәкірттердің жүрегіне жол таба білу керектігін алға тартты. Мұндай