Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2025 года » Страница 7
Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
06
февраль
2025
Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
     Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және  пайдалы  тағаммен жабдықтау. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады.  Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Дұрыс тамақтану - адам денсаулығының негізі. Біз тұтынатын тағам біздің органдарымыздың жасушалық құрылымдарын құру үшін өте қажет және ағза тұтынатын энергия көзі болып табылады. Нақты
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
05
февраль
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
      Ақпан айының 5-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.
Ер есімі — ел есінде
05
февраль
2025
Ер есімі — ел есінде
Берлин операциясы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды әрі шешуші шайқастарының бірі болды. Бұл операция Кеңес армиясының Германия астанасы Берлинді басып алуымен аяқталып, фашистік Германияның толық тізе бүгуіне алып келді. Операция барысында Кеңес әскері үлкен ерлік пен табандылық көрсетті. Қазақ жауынгерлері де алдыңғы шепте болып, ерлікпен шайқасты. Осы туралы лицей оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов түсіндірме жүргізді. Бұл сабақтан лицей оқушылары
Демократия — бұл билік халыққа тиесілі болып табылатын мемлекеттік құрылымның бір түрі.
05
февраль
2025
Демократия — бұл билік халыққа тиесілі болып табылатын мемлекеттік
Демократиялық жүйеде азаматтар тікелей де, сайланған өкілдер арқылы да мемлекетті басқаруға қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға құқылы. Оқушыларға "сайлау" және "демократия" сөздерімен ассоциацияларды келтіру ұсынылды. Талқылау жүргізіліп, оқушылар өз нұсқаларымен бөлісті.
«Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты пікірталас  ұйымдастырылды.
05
февраль
2025
«Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты пікірталас
N178 мамандандырылған лицейдің “Gen-Z” ағылшын тілі дебат клубының жоспары негізінде оқушылар арасында «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жемқорлық туралы түсінігін кеңейту, оның қоғамға тигізетін зиянын талқылау және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.   
"Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет байқауы өтті
05
февраль
2025
"Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет байқауы өтті
"Aдал ұрпақ" ерікті лицей клубының жоспарына сәйкес 5, 7 сынып оқушылары арасында "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет салу байқауы өтті. Мақсаты–оқушылардың суретке деген қызығушылықтарын арттырып, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. Нәтижесі бойынша 1 орын Төлеухан Інжу, 2 орын Дарханқызы Сындар, 3 орын Ергөбек Раяна ие болды.